Тақырыбы: Кәсіпкерлікті еңбек ресурсымен қамтамасыз етудің мәні. Орындаған: Жанаева Алина


Әлеуметтік дамуды басқарудың кіші жүйесі



бет4/5
Дата11.06.2023
өлшемі52,92 Kb.
#100491
1   2   3   4   5
Әлеуметтік дамуды басқарудың кіші жүйесі:

  • қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру,

  • тұрғын үй тұрмыстық қызмет көрсету және мәдениет пен дене шынықтыру тәрбиесін дамытуды басқару,

  • денсаулық сақтау және демалыспен қамтамасыз ету,

  • әлеуметтік келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді болдырмауды басқару,

  • азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды сатуды және әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыруды орындайды.

Басқару қызметін ынталандыратын әдістердің белгілі жиынтығы қолданылады. Республикамыздың және шетел тәжірибелерін зерттеу, олардың кең тараған түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Олар төмендегідей:


Тура экономикалық ынталандыру әдістері:
1. өндірілген өнімге еңбекақы төлеу;
2. істеген күніне қарай еңбекақы төлеу;
3. өндіріс процесін жақсартып, жетілдіргендігіне төленетін ақшалай
төлемдер;
4. жұмысқа шықпағаны үшін төленетін төлемдер;
5. оқу үшін төленетін төлемдер.
Жанама экономикалық ынталандыру әдістері:
1. жеңілдетілген әдіс арқылы тамақтану (льгот арқылы);
2. еңбек стажына төленетін қосымша төлемдер;
3. премиялар;
Ақшалай емес ынталандыру әдістері:
1. қызмет бойынша жоғарылату;
2. кәсіпорын, ұйым атынан оқыту;
3. еңбек нәтижелігін бағалау;
4. еңбек сапалылығын арттыру;
5. жұмыс күнінің кестесін жасау арқылы.
Әрқашанда ынталандырудың негізгі көрсеткіші ретінде – ақша қарастырылады. Бірақ Ф.Тейлор, оны еңбекті ынталандыру мен мөлшерлеу жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырған. Бұл жөнінде Г.Фордтың ұйғарамында, ақша-ынталандыру мағынасының құрамында белгілі орын алған. Ол «жұмысшы қанша алуға тиіс?» деген сұрақты қарастырмаған, керісінше «кәсіпкер қанша төлей алады?» деген мәселеге көңіл қойған. Жұмыспен қамтамасыз ететін адам еңбек ақыны төмендету арқылы ешқандайда пайда көрмейді, -деп Г.Форд жорамалдаған. Алғашқы рет кәсіпорын қызметкерлеріне көп мөлшерде ақша төлеу, сол кәсіпорын өнімінің өтімділігіне әсер етуін де зерттеген Форд болатын. Жан-жақты жоғары деңгейдегі мараппаттау, жалпы жақсы жұмыспен теңбе-тең болып келеді. Жоғары деңгейдегі еңбек ақы мөлшері – еңбек өнімділігінің артқанын білдіреді.
Жұмыссыздар қатарына халық белсенділігін өлшеуге белгіленген жастағы қарастырылып отырған кезеңдегі үш негізгі өлшемдерге сәйкес келген: жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған), оны іздеуге бар күшін салған және анықталған уақыт ағымында жұмысқа кірісуге дайын болған тұлғалар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет