3- слайд2-тақырыпша. Пропорционалдық шамалардың түрлері
4 -слайд
5- слайдТура пропорционал шамалар
6- слайд
Бума саны
2
3
4
5
6
7
7
8
Қағаз саны
60
90
120
150
180
210
490
560
Мысалы: Бумада 30 қағаз бар. Осындай 2,3,4,5,6 және 7 бумада қанша қағаздан бар екенін табайық.Қағаз саны бума санына байланысты. Бума саны артқан сайын қағаз саны да артады. Қағаз санын у әрпімен, ал бума санын х әрпімен белгілесек, бумалардағы қағаз санын у=30х формуласымен табуға болады. Қағаз саны бума санына тура пропорционал деп атайды.
Демек, арасындығы байланысты у=kх формуласымен (мұндағы k-нөлге тең емес сан немесе өзгермейтін шама, оны тұрақты шама деп те айтады) өрнектеуге болатын х және у айнымалы шамалары тура пропорционал шамалар, k тура пропорционалдық коэффициенті деп аталады.
Егер k = 2 болған жағдайда, төменде тура пропорционалдық графигін аламыз.
7- слайд Мысалы: Егер бума санын, мысалы, 3-ті 2 есе арттырса, онда бума саны 6 болады. Ал 6 бумадағы қағаздар саны 180 болады. Олар 3 бумаға салынған 90 қағаздан 2 есе артық, өйткені 180:90=2.
Бума саны
3
6
9
12
Қағаздар саны
90
180
270
360
Егер бума санын, мысалы 3-ті 3 есе арттырса, онда бума саны 9 болады. Ал 9 бумадағы қағаздар саны 270 болады. Олар 3 бума салынған 90 қағаздан 3 есе артық , өйткені 270:90=3
Демек, бумалар саны бірнеше есе арттырылса (кемітілсе), онда ондағы қағаздар саны да сонша есе артады (кемиді).
Шамалардың тура пропорционалдығының қасиеті: бір шаманы бірнеше есе арттырса (кемітсе), онда екінші шама сонша есе артады (кемиді).
8 –слайд Мұнда тура пропорционалдық әріппен қалай өрнектеуге болады?