Липидогендік пигменттер. Қазіргі таңда оларға: липофусцин, цероид және липохромдар кіреді. Липопигменттер қанықпаған май қышқылдарының лизосомаларда толық тотықталуы және полимер-ленуі нәтижесінде пайда болады.
Липофусцин пигменті. Пигметтің аты грек сөзінен (fuscus – қо-ңыр) алынған жасушаларды қоңыр, қоңыр-сары түйіршіктер түрін-де көрінеді. Ауру организм күші әлсіреп, азып кеткенде (кахексия) ағзаларда липофусцин жиналып қалып, олар қоңыр атрофияға ұшы-райды.
Цероид макрофагтарда липидтердің немесе құрамында липидтер бар заттардың фагоцитозына байланысты пайда болады.
Атрофия деп ағзадағы клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуі немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю, яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бұл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахексия); 2) жергілікті сему.
Тері өте құрғап, жұқарып, қатпарланып, меланин пигменттерінің көбеюіне байланысты қоңыр түске енеді. Дененің бұлшық еттері семіп қалады. Сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жұқарады. Ішкі ағзалардың көлемі кішірейеді, салмағы азаяды, жүрек пен бауырда қоңыр түс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бұл процесті ағзалардың қоңыр семуі дейді. Атрофия процесі ішкі секреция бездерінің ішінде қалқанша безде, жыныс бездерінде және бүйрек үсті бездерінде айқын көрінді.
Жергілікті семудің ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда, ағза қызметіне талап азайғанда, зат алмасуы мен трофика бұзылғанда қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмегенде пайда болатын түрлері бар. Ағза сырттан немесе іштен басылып ұқалғанда осы ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бұзылып сему процесі дамиды.Кейбір без гормондарын емдік мақсатпен ұзақ уақыт қолданғанда сол гормонды жасап шығаратын без семеді. Зат алмасуы мен трофиканың мысалы ретінде ағзаның нерв жүйесімен байланысы үзілген кезде дамитын атрофияны келтіруге болады. Бұл жағдай жарақаттанғанда, қабыну нәтижесінде, нерв жолдарын ісік, дәнекер тін басып қалғанда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |