Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары



бет23/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары-1

Регенерация (латынша regeneration -қайта құру, жаңару) деп зақымданудан кейін немесе өмір cүpyi тоқтаған, жасушалардың тін элементтерінің, ағза кызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін атайды.

Регенерацияның 1) физиологиялық; 2) репаративтік; 3) патологиялық турлерін ажыратады. Физиологиялық регенерация eшбір сыртқы әсерсіз қалыпты жағдайда үздіксіз өтіп жатады. Физиологиялық регенерация тозығы жеткен тіндермен жойылып кеткен жасушаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, асқазан -ішек, тыныс алу жүйелерінің эпителийінің үздіксіз жаңарып тұруын келтіруге болады. Реперативтік регенерация жасушалар мен тіндердің әртүрлі себептерге байланысты зақымдануы нәтижесінде дамиды. Д.С.Саркисовтың және оның шәкірттері электрондық микроскопты, электрондық авторадиография әдісін пайдалана отырып, регенерация үрдісінің жаңа заңдылықтарын ашты. Жacyшaiшiлiк регенерация регенерация үрдісінің ең бip универсалды түpi екендігі анықталды. Осы зерттеулер нәтижесінде толық регенерация болмаған жағдайда ағзалар мен жасушалар кызметі қалайша қалпына келеді деген сұраққа толық жауап алынды.

Жасушаішілік регенерацияның өзi бірнеше деңгейде өтеді:

1.Органоидтар регенерациясы. Мысалы, регенерация барысында митохондрийлердің саны көбейеді немесе бір -біріне қосылған алып митохондрийлер пайда болады. Ядролар және ядрошықтар санының көбеюі де осы тектес кұбылыстардың бір көрінісі.

2.Органоид ішілік регенерация. Жасуша ішіндегі көптеген органеллаларға тән үрдіс. Кез келген себептерден дамыған гипоксия жағдайында митохондрий кристалары жойылып кұрылымсызданады. Бұл кұрылымдар патогендік әсерлер тоқтаған соң жаңарып қайта қалпына келеді.

3.Молекулалар регенерациясы (молекулалардың жаңаруы). Бұл үрдісті көбінесе биохимиктер, генетиктер зерттейді Кейінгі кезде ДНК репарациясына көңіл бөлінуде. ДНК-ның зақымдалған жepлepi, ферменттер арқылы тазаланып, сол жерге кажетті нуклеотидтер тізбегі «тігіледі». Осылайша, мысалы хромосомалар бүтіндігі, яғни жасуша тіршілігін, қайта қалыптастыруға мүмкіндік бар.

Регенерация үрдісінің морфогенезі: пролиферация (кобеюі) және дифференция (жетілу) кезендерін қамтиды. Бірінші кезеңде жас әлі толық жетілмеген жасушалар саны көбейеді. Ал eкінші кезеңде олар белгілі бip бағытта жетіліп сол жерден жасушалардың орнын басады. Регенерацияның соңғы, аяқталу кезеңінде паренхима мен строма арасындағы қарым -қатынастың маңызы зор. Жасушалар айналасындағы заттың (перицеллюлярлы матрикстің) пайда болуында фибронектимнің (жоғары молекулалы гликопротеидтің) орны ерекше. Оны фибробласттар, макрофагтар, лимфоциттер бөліп шығарып, эпителий регенерациясына жан -

жақты әсер етеді. Өз кезегінде эпителий жасушалары коллагенеза ферменттің бөлу арқылы дәнекер тін пайда болуын реттеп отырады. Осылайша жасушалардың өзара әсерлесуі нәтижесінде регенерация урдісі толық; аяқталады.

Патологиялық регенерация репаративтік регенерацияның бұрмаланған түpi. Сондықтан ол әртүрлі жағымсыз әсерінде регенерация қалыпты барысының бұзылуымен сипатталады. Ол баяулағанда жойылған тіннің орны толмайды (гипорегенрация), ал шамадан тыс болғанда, керісінше артық тін пайда болады (гиперрегенерация).

Гипорегенерацияның мысалы eтіп аурудың әлсіздігі, витаминдердің жеткіліксіздігі, нервтік реттеудің бұзылуы немесе жүрек қызметінің созылмалы нашарлауы нәтижесінде пайда болатын, ұзақ уақыт бітпейтін жараларды алуға болады.

Гиперрегенерация кезінде терінің жарақаттанған жерінде регенерация үрдісі өз мерзімінде тежелмей, сол жердегі шамадан тыс, ет тәрізді («жабайы ет») өciп кетеді. Осылайша бұрмаланған регенерация түрлерін субституция - шала жаңару деп атайды.

Организм реактивтілігі (латын cesi - reactia - қарсы ic-әрекет) - организмің сыртқы және iшкі ортаның әсеріне тіршілік жауап бepyi.

Түрлік реактивтілік - белгілі бip жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ic-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде IІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әcepi емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мумкін.

Топтық реактивтілік - бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгшілі бip ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кездеседі.

Дербес (өзіндік) реактивтілік (индивидуальная реакт.) әр адам (жануар) түрлік, топтық реактивтілікпен қатар сыртқы әсерлерге өзінің өмір сүру ерекшелігіне байланысты ic-әрекеттермен жауап береді. Мысалы: тұмау вирусының әсерінен біреулер қатты ауырады, екіншілер жеңіл ауырады, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды, бұл өзіндік реактивтілікке байланысты.

Физиологиялық реактивтілік - сыртқы ортаның әp-түpлi факторларының әсеріне организмнің өмip сүру әрекетінің өзіне зиянсыз өзгеpyi. Мысалы: адамның (жануарлардың) патогенді емес микробтарға, әлсіз тітіркендіргіштерге (орташа физикалық күшке, сыртқы ортаның температура өзгерістеріне) бейімделуі.

Патологиялық реактивтілік (дерттік) организмнің сыртқы ауру тудырғыш факторларына ауыру арқылы жауап бepyi, немесе ауру, дерт- патологиялық реактивтілік. Бұл реактивтілік жеке адамда (жануарларда), топта, түрде болады.

Спецификалық реактивтілік - бұл организмнің антиген әсеріне антидене немесе жасуша комплексінің пайда болуымен және әсерiмен жауап бepyi, яғни иммундық жүйенің реактивтілігі. Түрлері: белсенді спецификалық иммунитет, аллергия, аутоиммунды аурулар, имун жетіспеушілік жағдайлар.

Спецификалык емес реактивтілік - организмнің сыртқы факторлар әсеріне жауап берудегі болған өзгерістер имундық жүйенің қатысуынсыз болған жағдайда болады. Мысалы: организмде гипоксия, жарақат шокында, зорлануда пайда болатын өзгерістер.

Реактивтіліктің түрлері:

А)нормергия - қалыпты реактивтілік

Б) гиперергия - жоғарғы реактивтілік

В)гипоергия - төменгі реактивтілік

Г) дизергия - бұзылған реактивтілік



Д) анергия - реактивтіліктің жоқтығы.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Патология пәні, міндеттері, зерттеу әдістері

  2. Дистрофия дегенді қалай түсінесіз?

  3. Дистрофияның даму механизмі және оның түрлеріне сипаттама?

  4. Паренхималық дистрофия түрлері?

  5. Строма-тамырлық дистрофия туралы түсінігіңіз?

  6. Аралас дистрофия туралы түсінігіңіз?

  7. Миокардтың қоңыр атрофиясы дегенді қалай түсінесіз?

  8. Минералды дистрофия маңызы және қызметі?

  9. Көмірсу алмасуының жеткіліксіздіктері?

  10. Некроздың түрлері?

  11. Апоптоз ?

  12. Атрофия түрлері ?

  13. Бейімделушілік, компенсация ұғымдары?

  14. Регенрация, гипертрофия, гиперплазия?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет