Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары



бет19/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары-1

Некроз

Некроз (грекше nekros –өлім) –деп, тірі организмде жасушаның, тінің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім.

Қазіргі кезде некроз дамуының мына сатыларын ажыратады (Е.Ф.Лушников, 1982): 1) некроз алды кезең (паранекроз) –бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық, бірақ қайтымды өзгерістер кіреді; 2) өлуалды кезеңінде (некробиоз) жасушада қайтымсыз өзгерістер пайда болады; 3) өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) жасуша тіршілігінің бүтіндей жойылуымен сипатталады; 4) өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) –осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді.

Некроздың себептері өте көп және сан алуан. Олардың бәрін экзогендік себептерге: физикалық әсерлерді: жарақаттар, өте жоғары немесе өте төмен температура, радиация, электр тоғы; химиялық заттарды: күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерлерін; биологиялық әсерлерді: микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар және олардың улары; нерв жүйесіндегі өзгерістерді: қан айналуының бұзылуына кіретін тромбоз, эмболия, спазмды кіргізуге болады. Эндогендік факторлардың әсер ету нәтижесінде пайда болған некроздарға: иммундық реактивтіліктің өзгеруіне, антиген және антидене реакцияларының нәтижесінде, иммундық кешендер әсерінде пайда болатын некроздарды жатқызуға болады. Некроздың екі түрін: тура және жанама некрозды ажыратады. Физикалық, химиялық, биологиялық факторлар тура некроздың себебі болса, жанама некрозға қан тамырлары тығындалып қалғанда немесе спазм нәтижесінде дамитын некроздар және нерв жүйесінің зақымдануына байланысты туындайтын трофонекроздық некроздар кіреді.

Даму механизмдеріне қарап некроздың: 1) жарақаттық; 2) токсиндік; 3) нейрогендік; 4) аллергиялық; 5) қантамырлық түрлерін ажыратады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет