Тақырыбы: Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер



Дата03.10.2023
өлшемі21,82 Kb.
#112860
Байланысты:
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер



СӨЖ
Тақырыбы: Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер

Қазақ халқының дәстүрлерінің рухани тамырлары, ішкі негіздері сақ, ғұн, түркі мәдениетінде жатқандығын қазіргі таңда зерттеушілеріміз ғылыми тұрғыда дәлелдеп, тұжырымдай түсуде. Өткенді зерделемей бүгінгіні жүзеге асыру, алға қадам басуымыз мүмкін емес екендігі белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау - бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы» [1, 88 б.], - дейді көрнекті философ А.Х. Қасымжанов.


Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім- болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек - YII-IX ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілі түркі жазба тілінің бізге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт- бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркі халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтік сипатын танытуға қызмет ететін жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұртшылығы арасындағы рухани үйлесімділік пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркі жазба мұраларын зерттеудің тек түркілік тілтану ғылымында ғана емес жалпы түркі әлемі аясындағы өзекті мәселе екенін көрсетеді.
Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған мемлекеттік деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана емес, географиялық-аумақтық негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік тілдік ерекшеліктері бар бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне тайпалардың қазіргі түркі халықтарының этностық құрамына шашырай таралғанын ескерсек, көне түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ құндылық екені анық. Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен ғанаемес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзіндік диалектǐлǐк ерекшелǐктерǐ бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің қолданыста болғанының куәсі. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы қандай деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл – табиғи лингвистикалық заңдылық. Сондықтан ҮП-ІХ ғасырлардағы көне түркі елінің ортақ әдеби тіліне арқау болған тайпа тілін немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі қағанаттарының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде қарастырса нәтижелі болмақ. Сондай түркілік макротоптардың бірі – көне түркі бірлестіктерінің құрамында болған көне қыпшақ тайпаларымен тікелей генетикалық-тарихи жалғастықта қалыптасқан, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ тобын құрайтын – қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, қырым татарлары, башқұрт, құмық, қарайым, қарашай-балқар халықтарының тілдері. Орхон, Енисей, Талас ескерткǐштерǐ тǐлǐ мен қазiргi қыпшақ тǐлдерǐ салыстырмалы-тарихи негǐзде арнайы зерттеу нысаны ретǐнде алынбауы көне мұралар тілін оғыздық, ұйғыр-оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта тануды қалыптастырып, батыс қыпшақ тǐлдерǐне қатысы күңгірт қалып отыр, бұл жұмыстың өзектiлiгiнiң тағы бǐр қырын анықтайды.
Рәміз - ерекше тарихи құбылыс ретінде байырғы түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің ақиқат болмысын айқындайды. Жазба тілі мәдениеттің құбылысы және ол рухани күш. Сондықтан рәмізбен семиотикалық таңбалар арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады, өрнектейді. Мәдениеттанушы Л. Фоллерс «ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің ең елеулі мәселелері көбіне-көп экономикаға, саясатқа және қорғанысқа қатысты емес, материалданбаған, көзге көрінбейтін рәміздерге қатысты болып келеді», - деп ой түйеді [2, 8 б.]. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетанымның рәміздік астарларын айқындау өте маңызды. Байырғы түркілік рәміздерді талдау халқымыздың рухани дамуының дүниетанымдық мәселелерін козғау мен болашақ дамуының жолдарын айқындауға түрткі болмақ.
Шығу тегіміздің тамыры, асыл қасиетіміз, бай тарихымыз ата-бабамыз ер түріктермен байланысты екенін көрсетеді. Олай болса, көне түркі жазуының сипатын айшықтамай, түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені анық, ал бұл арнадағы зерттеулер соңғы жылдары ғана қолға алынып келеді. Сондықтан да байырғы түркілердің ұрпағы, жалғасы, яғни біздер үшін, бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпақ үшін тасқа қашалып жазылған сырға толы рәміздік жазулардың деректік мағынасы мен негізгі идеясын ашу зерттеудің көкейтестілігі болмақ.
Түркілік дүниетаным жазбаларын зерттеуге негіз болған В. Томсен [3], Ядринцев, В.В. Радловтардың жасаған тұңғыш жаңалықтары [4], И.А. Батманов [5], A.M. Щербак [6], В.М.Насилов [7], Д.Д. Васильев [8], С.Е. Малов [9], Л. Гумилев [10], Л.П. Потапов [11], И.В. Стеблева [12], С.М. Ареал, Н.А. Аристов, С. Кляшторный [13], Н.А. Кононов [14], Бартольд В.В. [15], О. Маенхен-Хелфен, Ж.- П.Ру, Т. Текин, Гең Ше Мин және басқа да көптеген түркітанушылардың еңбектерінің арқасында түркі жазба ескерткіштері туралы кешенді ғылым саласы қалыптасты.
Осы орайда, Ә. Марғұлан [16], Б. Кенжебаев, К. Аманжолов [17], А. Махмутов [18], Ғ. Айдаров [19], М. Томанов, А.С, Ә. Құрышжанұлы [20], Ә. Құрышжанұлы, Қ. Өмірәлиев [21], М. Жолдасбеков [22], Қ. Сартқожаұлы [23] Аманжолов А.С. [24], .және т.б.ғалымдарымыздың байырғы түркі жазуын зерттеу саласына қосқан қомақты, мол үлестерін ерекше атап айтуға тиіспіз.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін зерттеудің жаңа белесі басталды. «Орхон ескерткіштерінің толық атласының» (М. Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы) жарық көруі осы бағыттағы зерттеулерді жаңа арнаға бастайтын мәдени-ғылыми өміріміздегі үлкен жаңалық болды. Сонымен бірге, Орхон- Енисей жазбаларынын филологиялық, лингвистикалық қырларын қарастырған А.С. Аманжоловтың «Ежелгі түркі жазуының тарихы мен теориясы», М. Жолдасбековтың «Орхон ескерткіштері», О. Сүлейменовтің «АЗиЯ», «Тарихқа дейінгі түркілер: ежелгі түркі тілі мен жазуының пайда болуы туралы», «Жазу тілі», Қ. Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі», Есенқұлов Е. [25], Келімбетов Н. [26] еңбектерінде Орхон жазбаларының фольклорға қатысы жөнінде маңызды ойлар айтылады.
Қорыта келе айпағымыз, жалпы түркілердің тарихына, мәдениетіне қатысты жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер баршылық. Жазба деректердің негізі тобы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай, араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі жазба деректер болып табылады. Қытай деректерін Н.Я. Бичурин [27], т.б., еңбектері бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Көне түркі халықтарының көне жазба ескерткіштерінің зерттелуі бүгінгі кезеңде жалғасын табуда.
Әдебиет

  1. А.Х.Касымжанов.Рыскиева А.А. Орхон –Енисей жазба ескерткіштеріндегі түркілік дүниетанымның рәміздік негіздері. – Алматы – 2009. 30 б.

  2. Кажыбек Е. Древнетюркский язык в статике, в системе и в развитии. // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. – Алматы: Информ-А, 2005. – (С. 8-13).

  3. Томсен В. Дешифровка орхонских и енисейских надписей. // Записки Восточного отделения Русского археологического общество (ЗВОРАО). Т. VΓΠ. вып. ГИГУ. – СПб., 1894.

  4. Радлов В., Мелиоранский П. Древнетюркские памятники в Кошо-цайдаме // Орхонские надписи. – Семей: Дәуір, 2001. – (С. 25-63).

  5. Батманов И.А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. – Фрунзе: Изд-во АН КиргССР, 1959. – 218 с.;Батманов И.А., Кунаа А.Ч. Памятники древнетюрской письменности Тувы. – Кызыл, 1963. – 192 с.

  6. Щербак А.М. Тюркская руника. – Санкт-Петербург: Наука, 2001. –147 с.

  7. Насилов В.М. О лингвистическом изучении памятников тюрской письменности. // Тюркологический сборник. 1972. – Москва: Наука, 1973. – (С.62-68.).

  8. Васильев Д.Д. Графический фонд памятников тюрской рунической письменности азиатского ареала. – Москва: Наука, 1983. – 260 с.

  9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Москва- Ленинград, 1951.;Малов С.Е. Древние и новые тюркские языки. // Известия Академии наук СССР. Отд. литературы и языка. Вып. 2. –1952, – (С. 141-144.).; Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков (Тексты и переводы). –Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР, 1958. –116 с.

  10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967.;Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. – Т.2. – Л., 1979.

  11. Потапов Л.П. Умай – божество древних тюрков в свете этнографических данных. // Тюркологический сборник. –1972. – Москва: Наука, 1973. – (С. 265-270).

  12. Стеблева И.В. К реконструкции древнетюркской религиозномифологической системы // Тюркологический сборник. 1971. – Москва: Наука, 1972. – (С. 213-226).

  13. Кляшторный С.Г. Кипчаки в рунических памятниках. // Turcologica, 1986. – Ленинград: Наука, 1986. –С. 153-164.;Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках. // Тюркологический сборник. – Москва: Наука, 1981. – (С. 131-136).;Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата, 1992.

  14. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (ҮІІ-ІХ вв). – Ленинград, 1980.– (С. 22).

  15. Бартольд В.В. Соч.,5.- М.,1968.– (С.45).

  16. Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. – Алма-Ата,1950.; Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: ғылыми зерттеулер. / Құраст.: Р. Бердібаев. – Алматы: жалын, 1985.

  17. К.Р. Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы : Білім 2002

  18. Махмутов А.М. Көне топонимдердщ мағынасы // Қазақ ономастикасының мәселелерг –Алматы: Ғылым, 1986. – (45-51 бб.).

  19. Айдаров Ғ. Орхон ескерткішінің тілі. – Алматы – 1990 б.;Айдаров Г. Лексика древнетюркских памятников Орхон-Еисей и Таласа. Автореф. дисс... докт.филол.наук. – Алма-Ата, 1974. – 51 с.; Айдаров Г. Язык орхонского памятника Бильге-кагана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 80 с.; Айдаров Ғ., 20.Томанов М., Құрышжанов Ә. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 273 б.

  20. Өмірәлиев Қ. ҮІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 128 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет