Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны -Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың « тарихи отаны » екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі.
Сұрақ жауап: «Ұлы даланың жеті қыры» «Болашаққа бастар жол» атты Елбасымыздың мақаласы неше бөлімнен тұрады?
«Ұлы даланың жеті қыры» «Болашаққа бастар жол» атты Елбасымыздың мақаласының негізгі мақсаты?
«Ұлы даланың жеті қыры» «Болашаққа бастар жол» атты Елбасымыздың мақаласы туралы қысқаша өз түсініктерінізді айтыңыздар
Қортынды: Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.