Баланың уайымдары мен қорқыныштарын жеңуге көмек беріңіз. Егер бала бөтен адамдардан көшені сұрауға, дүкенге жалғыз барудан қорықса онда онымен бірге жасаңыз. Бала сіздің қолдау беретініңізге сену керек.
Балаға дұрыс демалу жаттығуларын үйретіңіз.
Бос уақытын дұрыс ұйымдастырыңыз (мүмкіндігіне байланысты спорт секцияларына қатыстырған жақсы).
Балаңызды жиі мадақтаңыз.
Мазасыздықты дене байланысы арқылы жеңуге болады. Мәселен, басынан сипау, құшақтау, қолынан ұстау, арқасынан қағу.
Шығармашылық жұмыстарға баулыған дұрыс.
Баланы сол күйінде қабылдауды үйреніңіз, өз идеалыңызды ұмытыңыз.
Балаңыздың болашағынан көргіңіз келетін өмір салтының үлгісін өзіңіз көрсетіңіз.