3. Майлардың және май қышқылдарының аралық алмасуының бұзылыстары
Майлардың ыдырауы нәтижесінде май
қышқылдары түзіледі, әрі қарай b тотығуға
түседі.
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары
Майдың артық жиналуы тағамда көмірсулар көп болғанда болады. Инсулин, пролактин глюкозаның алмасуын жоғарылатып, май түзілуін күшейтеді. Үшглицеридтердің түзілуі, ыдырауы глюкоза деңгейімен реттеліп отырады. Глюкоза көп болса, май қышқылдары энергия түзілуге қолданылмай қорға жиналады. Ал, глюкоза төмендесе, май май тінінен шығады. Бұл өзін-өзі реттеу механизмі. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, май қорларынан май шығуы жоғарылайды, ал парасимпатикалық жүйе қозса, май жиналады.
Мүшелерде майдың артық
Мүшелерде майдың артық
жинақталуының май тіндеріне қатысы жоқ.
Көбіне бұл бауырда жүреді. Бауырға түскен
белокпен қосылып, В липопротеид түзіледі
де бауырдан кетеді. Бұл процеске нуклейн
қышқылдары және фосфолипид-холин,
метионин, липокаин керек. Олар майдың
ұсақталып бауырдан шығуына әкеледі.
Сондықтан фосфолипидтердің жетіспеуі
бауырда май жиналуына әкеледі.
Бауырда май жиналуының 3 түрі бар:
1. Майлы декомпенсация – бұл майдың белокпен кешен түзбеуі, В липопротеидтердің түзілмеуі.