Ауыз қуысы кілегейінің тұрақты қозуы және тамақ орталығының қозуы;
Көмірсудың майға алмасуының күшеюі;
Пролактин түзілуінің күшеюі;
Кребс циклінің төмендеуі;
Жыныстық гормондардың жетіспеуі (климакс);
Май мобилизациясына әсер ететін гормондардың жетіспеуі (адреналин, тироксин...)
Симпаткалық бөлім тонусы төмендеп, парасимпатикалық бөлім тонусы жоғарылауы;
Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негіздері Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдеріне қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор.Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына келуі керек. Оның тек 30%-ы түстен кейінгі астануларға (түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын болуы қажет, Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге аспен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да, май түрінде қорға жиналуы азаяды.
Дұрыс қоректенудің негізінде — сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен жануарлар майларының ара қатынасы 1:2 болуы қажет. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.
Дұрыс қоректенудің негізінде — сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен жануарлар майларының ара қатынасы 1:2 болуы қажет. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.
Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер, әсіресе балық майынан алынған «эйконол» қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериялық қысымды төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді
мультфильм, телевизиялық ақпараттарды ұзақ қарау және қарап отырып тамақтану;
.
Клиникалық жағдай
Науқас 40 жаста, мамандығы бухгалтер, үдемелі семіздікке, ентігуге, жүрек жиі соғуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, бас ауруына, етеккір циклінің бұзылуына шағымданады. Тәбеті жақсы. Тәтті тағамдарды көп пайдаланады. Дене еңбегімен айналыспайды. Объективті: гиперстениялық денелі, бойы-150 см, дене салмағы-105 кг. тері асты май қабаты барлық дене бойынша біркелкі таралған. Жүректің шекарасы кеңейген. Жүрек тондары әлсіреген және тұйықталған. Пульс 90 рет мин. АҚ 150/100 мм.с.қанда тығыздығы төмен және өте төмен липопротеидтердің жоғары болуы анықталды. Негізгі алмасу төмендеген.
Науқаста қандай патология ?
Науқастағы семіздік патогенезі қандай?
Науқаста семіздіктің дамуына ықпал ететін қауіп факторларын көрсетіңіз.