Майлардың сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
2. Майлардың тасымалдануының және оның тінге өтуінің бұзылысы
Хиломикрондардың ең бірінші баратын мүшесі - ол өкпе. Ол шлюз сиякты үлкен қанайналым шеңберін липидтер артуынан қорғайды. Бұл - өкпенің липопектикалық қызметі.
Гиперлипемия түрлері
.
ауқаттық
тасымалдық
бөгелулік
(ретенциондық)
Ауқаттық гиперлипемия
Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2—3 сағаттан соң дамиды да, 10-12 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.