Тақырыбы: Манту сынамасы,бцж орындаған: 7-016 ждт


БЦЖ – туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі. БЦЖ



бет3/5
Дата12.06.2023
өлшемі103,72 Kb.
#100661
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бекмахан 7015 (копия)

БЦЖтуберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі.
  • БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі.
  • Егер балаларға перезентханада қандайда бір қарсы көрсеткішке байланысты БЦЖ жасалмаса, Манту сынамасынсыз 2 айға дейін жасалады, егер бала жасы 2 айдан асқан болса, Манту сынамасының нәтижесі теріс болса ғана БЦЖ жасау керек.
  • БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер

    • Дені сау, жаңа туған, салмағы 2000г жоғары нәрестелерге БЦЖ вакцинациясын алдын ала туберкулин сынамасын қоймай-ақ 1-4- ші күндері жасайды.
    • Шала туған нәрестелерге перзентханаларда шала туған нәрестелерді күту бөлімшесінің емдеу стационарындағы (күтудің 2 кезеңі) – 2300 г және одан жоғары нәрестелерге стационардан үйіне шығарылар алдында жасалады.
    • Жасы 2 айға толған және одан үлкен балаларға әуелі 2 ТБ мен ППД-Л Манту сынамасын жасайды.

    БЦЖ вакцинациясына кері көрсеткіштер

    • 1) туа біткен иммун тапшылығы;
    •  2) туыстықтың бірінші дәрежесіндегі адамдарда анықталған БЦЖ вакцинациясына генерализацияланған инфекция;
    • 3) адамның иммун тапшылығы вирусы немесе жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (бұдан әрі – ЖИТС);
    • 4) шала туылу – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе гестациялық жасы 33 аптадан кем;
    •  5) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – асфиксия және неврологиялық симптоматикасы бар туу жарақаттары (орташа ауыр және ауыр дәрежелі);
    •  6) құрсақішілік инфекция (цитомегаловирус, токсоплазмоз, хламидиоз, туберкулез), жаңа туған нәрестелердің сепсисі;
    • 7) жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы (орташа, орташа ауыр және ауыр түрлері);
    •  8) субфебрильді температурамен және жалпы жай-күйінің бұзылуымен қатар жүретін ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі аурулар;
    • 9) қызба.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет