Тақырыбы: Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары


Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс Дидактикалық блок



бет2/5
Дата28.03.2023
өлшемі152,5 Kb.
#76755
1   2   3   4   5
Байланысты:
12.ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника.

Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс
Дидактикалық блок:
Ультрадыбысты, жоғары және ульрадыбыстық жиілік диапазонында медициналық аппараттардың үлкен топтары жұмыс істейді (электромагниттік тербелістер және толқындар генераторы). Электромагниттік тербелістер биологиялық денеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады. УЖЖ-терапия сүйек және қан тамырларындағы қабыну процесстерін, невралгияны, бронхиальды астманы және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.УЖЖ-терапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц) айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін,кең тараған физиотерапевтік әдіс. УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр өрісінің ағза ұлпаларының молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген. Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және физиологиялық процестерді активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады. Бөлінетін жылу ұлпалардың диэлектрлік өтімділігіне, меншікті кедергісіне және электромагниттік тербелістердің жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті ұлпалар мен мүшелерден жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады. УЖЖ өрісте электрометтерді қыздыру иондардың қозғалыс нәтижесінде болады, яғни ток өткізгіштіктің. Ток энергиясы ішкі энергияға айналады. Электрометрден бөлініп шығатын жылу , мұндағы - электр өрісінің кернеулігі, -электрометтің меншікті кедергісі. Электр өрісінің ЖЖ әсерінен диэлектрикте дипольдік молекулалардың үздіксіз ориентациясы болады. Диэлектриктегі жылу мөлшері мұндағы - циклдік жиілік, - диэлектрдің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, Е- өріс кернеулігі, - диэлектрлік шығын бұрышы. Ағзада электролит пен диэлектриктің қасиеттері бар ұлпалар бар, сондықтан УЖЖ өрістің әсерінен ұлпалардан бөлінетін жылу мөлшері 40,58 МГц жиілікте диэлектриктің қыздырылуы электролиттерге қарағанда қарқынды.
Сонымен қатар биологиялық зерттеулерде аса жоғары жиілікті қолдану диэлектрик қасиеттерімен ұлпаның гидратация дәрежесін анықтауға мүмкіндік туғызады. Емдеу мақсатында сантиметрлік дипазондағы жиіліктері 460 МГЦ ( ) және 2375 МГц ( ) электромагниттік толқындармен ағза ұлпаларына әсер ету микротолқынды терапия деп аталады. Әсер ету дененің беткі сәйкес қабатын арнайы сәулендіргіштің көмегімен сәулелендіру арқылы жүзеге асырылады. Сантиметрлік толқындар ағза ұлпаларының беткі қабаттарынан жұтылады. Олардың алғашқы әсері электролит ерітінділеріндегі иондардың тербелісімен, диэлектриктерде полярлық молекулалармен түсіндіріледі. Сондықтан олардан жылу бөлініп шығады.Мұндай жағдайда микротолқындардың әсері етуі УЖЖ электр өрісінің әсер етуімен ұқсас. АЖЖ тербелісінде су молекуласы бағытталу терблісінде айырықша мәнге ие болады. Сондықтан толқынның ең көп жұтылуы және жылудың бөлінуі судан тұратын ұлпаларда, мысалы, бұлшық етті ұлпа және қанда, аз болуы - майлы ұлпаларда. Осындай қаситтерімен микротолқынды терапия УЖЖ терапиясынан ерекшелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет