Презентация Тақырыбы: ЕББҚ бар балаларды ППҚ мазмұнын анықтау Орындаған:Турдыбай Аружан Шаймурашова Акниет Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады.
Арнайы Арнайы сыныптың оқушылардың ерекше арнайы арнайы мамандардың қолдау көрсету бойынша Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі– бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. Кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуф-тар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар.
ЕБҚ бар
сабақ кестесі
әр түрлі себептермен
Психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:
сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінез-құлқында проблемасы бар оқушылар. Мамандардың міндеті және осын-дай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;
бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойын-ша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдала-нуды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ түрінде өтеді. Жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді.
Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Оның ішінде психологтың балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
Диагностикалық бағыт:
Диагностикалық бағыт:
Баламен
Оқу жылының ортасында
Жалпы
Оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау
Ерік-жігері
Қорытынды
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.