Тақырыбы: Менің мамандығым-тағдырым



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі54,5 Kb.
#15917
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мамандығым-тағдырым

IV Жұмбақтың жауабын тап

Айдында жүзеді

Тірі күміс сүзеді. (балықшы)

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға.

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға. ( Футболшылар)

Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір. (Аспаз)

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы.

Айбаттыны кім дейді,

Қайраттыны кім дейді? (Балуан)

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)

Төл өсіріп момақан,

Уыз ішкен қоймалжың.

Білсең айтшы, балақан,

Еңбегі зейнет қай малшы? (Қойшы)

Сөзжұмбақты қай топ болып бірінші шешеді: (Осы уақытта көрермендер бірге ән айтады.)

Мамандық


  1. Бес дұшпанның бірі – (мақтаншақ)

  2. Киелі құс – (аққу)

  3. Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады – (Мұнайшы)


  1. Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? – (Аспаз)

  1. Ащы еңбектен тәтті – (нан)

  2. Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? – (диқан)

  1. Ырыс алды – (ынтымақ)

  2. Еңбекқор жәндік– (құмырсқа)

Ойын уақыты: «Ең жақсы»

Топ жетекші: Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сіздер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты айтасыңдар.

Ең жасыл – (эколог, геогроф, бақташы)

Ең тәтті – (аспаз, кондитер)

Ең ақшалы – (банк қызметкері, экономист)

Ең күлкілі – (сайқымазақ)

Ең жауапты – (сот, бухгалтер)

Ең салмақты – (заңгер)

Ең қарым–қатынасы күшті – (бизнесмен)

Ең мейірімді – (мұғалім)

V айналым: Мақал–мәтелді жалғастыр.


  1. Еңбек түбі–қуаныш

Сауда түбі– реніш.

  1. Еңбегіне қарай–құрмет,

Жасына қарай–ізет

  1. Ынта болса адамда,

Қииын іс жоқ ғаламда

  1. Еңбектен қашпа

Ырысыңды шашпа

  1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер

  1. Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

Қорытынды бөлім.Әділқазылар ұпай сандарын айтып, ойын жеңімпаздарын марапаттайды.

Топ жетекші: Әрбір адамда жетістікке жету мүмкіндігі бар... Бұл мүмкіндік дұрыс пайдаланылған жағдайда, адамның ғұмыры маңыздана түседі. Ал бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алған адам өмірде мағынасыз күн кешеді.Әркім жетістікке жету жолында әрбір сәтін, әрбір мүмкіндігін пайдаланып қалуы керек. Бұл мүмкіндік ең бірінші кезекте адамның еңбекқорлық қасиетімен тікелей байланысты.Адам еңбекқорлықты өмірінің басты өлшемі етіп алса, ол шықпайтын шың қалмайды, ол шықпайтын тау болмайды.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Егеменді еліміздің ертеңі – маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.



Осымен «Мамандығым – тағдырым» атты ұйымдастырылған ойын–жарыс аяқталды.Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Барлығы бірге ән орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет