Тақырыбы: Менің сүйікті ойындарым ҰОқ-ның оқыту мақсаты



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі22,22 Kb.
#133550
1   2   3
Байланысты:
sabaq-kz attachment men-sykt-oyyndarym

Негізгі бөлім 4–12

«шашыраңқы» ойыны
Ойынға қатысушылар өзара жақын тұрып шеңбер құрады. Шеңбер ортасында жүргізуші. Ол белгі бергенде балалар хормен: «Әй, балалар, санаңдар да, тез қашың- дар! – деп айғайлайды. Бәрі жылдамдатып «бір-екіге» санап бөлінеді. Санау кімнен басталатынын ойын жүргі- зуші белгілейді. Санап болған соң, барлығы жан-жаққа шашырай жүгіреді. Жүргізушінің міндеті жамырай қашып бара жатқан балалардың бірін ұстап қалуы тиіс. Қолға түскен бала уақытша ойыннан шығады.

Кең, бос кеңістік.



13–27

«Жалауға кім бірінші жетеді?» Педагогтің «Дайын- далыңдар!» деген белгісі бойынша балалар сол қолмен ұстап құрсауды жалауға қарай бағыт бойынша жерге қо- яды; оң қолды құрсауды ұруға дайын етіп ұстайды. Педа- гог: «Бір, екі, үш, домалат!», – дейді. Балалар құрсауды оң қолымен соға отырып жалауларға қарай домалатады. Құр- сауды бірінші дөңгелетіп апарған бала жалауды жоғары көтереді. Барлық ойыншы белгіленген жерге жеткен соң қай топ көп жалау жинағаны саналады.


«қасқырға қақпан»
Ойынға қатысушылар екі топға бөлінеді. Бір топ қол ұстасып дөңгелене қасқырға қақпан құрады. Екінші топ қасқырлардың рөлін атқарып, залда қақпан арқылы төрт- тағандап еңбектеп жүреді.
«Кәне, кәне, халайық, Қасқыр қақпан құрайық. Кәне, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – деп айтылған соң, бірінші топтың ойыншылары қолдарын түсірген кезде қақпан жабылады. Қақпанда қалып қойған қасқырлар ойыннан шығады да, ойын жалғасады. Содан кейін топ-
тар рөл алмасады.

Құрсаулар, жалаулар.




«қармақ»
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Ортаға ойын жүргізуші ұзын жіп ұстап шығады:
– Сен, есінеме,
Аяқты көтер жоғары! – деп ол ескертеді де, жіпті бар ұзындығымен жерге тигізбей бар күшімен айнал- дырады. Ойынға қатысушылар сақтанып тұрады. Жіп аяқтарының қасына келгенде тиіп кетпеу үшін секіреді.

Ұшы түйілген ұзын жіп.



Қорытынды бөлім 28–30

«Күлкіні жалғастыр» ойын жаттығуы
Балалар малдас құрып дөңгелене отырады да, бір-біріне жымиып, күлкіні әрі қарай кезекпен жалғастырады.
Балаларға бір баланың көңіл күйі қалғандарының көңіл
күйіне әсер ететінін еске салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет