Тақырыбы: микроорганизмдер систематикасы


Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері



бет3/8
Дата14.10.2023
өлшемі2,55 Mb.
#114337
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Туяк Айлана 10.03.22

Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері :

  • Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының ең қарапайым типі – бір клеткалы. Бір клеткалы микроорганизмдер көлемі өте шағын. Бактериялар, қарапайымдар, ашытқылар арасында бір клеткалылар жиі кездеседі.
  • Көпклеткалы – клеткалық құрылымның күрделі типі. Көпклеткалы организмдер бір клеткадан түзіледі, бірақ ересек күйінде көп клеткадан тұрады және орналасу реті әртүрлі болады. Жануарлар, өсімдіктер және кейбір микроорганизмдер көпклеткалы құрылымға ие.
  • Кейбір микроорганизмдердің биологиялық құрылымы көпядролы құрылымды болып келеді. Ондай микроорганизмдер ценоциттілер деп аталады. Олар өсу кезінде клеткалары бөлінбейді. Ондай ағзаларға көбінесе балдырлар және саңырауқұлақтар жатады.
  • Клеткалардың екі типі бар: бірклеткалы, көпклеткалы және ценоцитті құрылымға ие эукариоттар және прокариоттар (негізінен бірклеткалылар).

Прокариотты (бактериалды) клетканың құрылымы.

  • Прокариоттардың негізгі ерекшелігі клеткаішілік мембраналық жүйесінің болмауы.
  • Клетка қабырғасы клеткаға пішін береді, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды, клетка ішіне артық мөлшерде ылғал кіруін болдырмайды.
  • Бактериалды клетканың құрылыс схемасы
  • Цитоплазмалық мембрана
  • Клетка қабырғасы
  • Тилокоид
  • Цитоплазма

Прокариотты (бактериалды) клетканың құрылымы

  • Цитоплазмалық мембрана (ЦПМ) клетканың қоректенуінде маңызды роль атқарады. Белокты-липидті жүйеден құралған, үш қабатты құрылымнан тұрады. Мембрананың сыртқы жағында қоректік заттарды клеткаға тасымалдаушы белоктар орналасқан, ал ішкі жағында гидролиздік және тотығу-тотықсыздану ферменттері орналасған. Екі белоктық қабық арасында фосфолипидті қабат орналасады.
  • Мезосомалар – мембранадан түзіледі, энергиялық және клетканың бөліну (көбею) процесстеріне қатысады.
  • Цитоплазма – клетканың ішкі сұйықтығы, жартылай сұйық, коллоидты ерітінді. Құрамында: клетка салмағына шаққанда 70-80% су және ферменттер, қоректену субстраттары, клетканың зат алмасу өнімдері.
  • Нуклеоид– көбеюге қатысатын, прокариотты клетканың жалғыз хромосомасы, тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы. Ол шағын құрылым, цитоплазма ортасында орналасқан, қос тізбекті ДНК жіпшесінен тұрады.
  • Көптеген бактериялар хромосомалық ДНК-мен қатар хромосомадан тыс, қос тізбекті ДНК-дан тұрады. ДНК-ның бұл автономды репликацияланатын элементтері плазмидалар деп аталады.
  • Рибосомалар – құрамында РНК (60%) және белок (40%) болатын, шағын гранулалар. Рибосомаларда клеткалық белок синтезі жүреді.
  • Бактериялар клетка қабырғасының химиялық құрамы және құрылымы бойынша грамм оң (Грам+) және грам теріс (Грам - ) болып бөлінеді. Бактерияларды Грам бойынша бояу әдісін ұсынған, Дат ғалымы Кристиан Грам есімімен осылай аталған. Бактерияларды генцианвиолетпен бояған соң, спиртпен өңдейді, нәтижесінде Грам+ бактериялар кулгін түсін сақтап қалады, ал Грам – бактериялар түссізденеді.
  • Грам+ бактериялардың (а) клетка қабырғасы пептидогликан – муреиннен (90-95%), тейхой қышқылдарынан, полисахаридтерден тұрады. Ол бір қабатты құрылымға ие, цитоплазмалық мембранаға тығыз жанасқан.
  • Грам –бактерияларда (б)клетка қабырғасының құрамында муреин мөлшері аз (5-10%), тейхой қышқылдары болмайды, көп мөлшерде липопротеидтер мен липополисахаридтер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет