Тақырыбы: Мутациялық зақымданудың тікелей коррекция (түзетілу) жолымен репарациялануы. Генетикалық рекомбинацияның механизмдері



бет1/7
Дата02.06.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36169
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультеті:« Биология және биотехнология »
Кафедрсы:« Биотехнология »


ТАҚЫРЫБЫ: Мутациялық зақымданудың тікелей коррекция (түзетілу) жолымен репарациялануы. Генетикалық рекомбинацияның механизмдері
Орындаған: Барат Динара Бт-18-19
Тексерген: Алтыбаева Н.А.


Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. ДНҚ реперациясының процестері
2.2. Генетикалық рекомбинацияның түрлері мен механизмдері
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Репарация – тірі ағзалардың мутагендік факторлар әрекетіне байланысты ДНК молекуласында пайда болған бұзылуларды қайта қалпына келтіру қасиеті. Репарация құбылысы тек ДНК құрылысындағы мутациялық бұзылуларды жөндеуде емес, сонымен қатар тұқым қуалайтын аурулардың қалыптасуында, ерте қартаю процесінде, жасушалардың ісіктік трансформациясында (канцерогенез) т.б. маңызды рөл атқарады.
Генетикалық рекомбинация - бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинация нәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы).
Ген алмасуында нуклеин қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Бүл жағдайда екі геном бірімен бірі араласып кетсе, жаңа ұрпақ геномы пайда болады. Мұндай жағдай екі түрлі вирус бір торшаға кірсе ғана туады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады. Онда екі вирустың геном кесінділері бір бірімен алмасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет