2.1. ДНҚ реперациясының процестері
Реперациялық процестердің екі негізгі типі болады:
Бірінші модификациялық немесе теріс жұптасудың тікелей түзетілуі, бұл бастапқы құрылымды қалпына келтіру үшін репликацияны қажет етпейді. Мұндай жағдайда мутациялық өзгерістер тікелей қалыпқа келеді.
Екіншісі- қате жұптасқан немесе өзгерген негіздер жұбының қоршауындағы нуклеотидтерді алып тастау және сол бөлімшені репликация жолымен қайтадан синтездеу.
Биосинтез кезінде және химиялық немесе физикалық агенттер әсерінен өзгеріске ұшыраған Днқ молекуласының құрлымының қалпына келу процессі репарация деп аталады. Латынша “ reparatio” - түзелу, қалпына келу деген мағынаны береді.
Репарация бір жасушалыларда, өсімдік жасушаларында және жануарларда тірі қалу деңгейн көтеріп, аберациямен гендік мутацияларды төмендетеді.
Репарация ерекше ферметтер арқылы жүзеге асады.
ДНҚ-ның репарациялану мүмкіндігі 1949 жылы белгілі болды. А.Кольнер, Р. Дюлбекко және И.В.Ковалев бір-біріне байланыссыз түрде актиномицеттер, бактериофаг және парамецияларға ультракүлгін сәулелердің летальді дозасымен әсер еткеннен кейін кәдімгі жарық сәулесін түсірсе, олардың тіршілік қабілетінің қалпына келетіндігін анықтады. Бұл құбылыс фотореактивация деп аталды. Р. Сетлоу, К. Рупер ғалымдарының айтуы бойынша фотореактивация – фотохимиялық процесс, арнайы ферменттің қатысуымен және де тимин димерінің ДНҚ-да түзілуінмен тікелей байланысты деп айтқан болатын.
Кейіннен қараңғылық репарациясын А. П. Говард-Фландерс 1964ж, Ф. Ханавальтом және Д. Петиджон жарықтың бактерияға түсуінен өзгеріске ұшыраған ДНҚ бөлігінің үзілуі жарықтың әсерінен болғанын дәлелдеген.
Микроорганизмдерді зерттеуде ДНҚ молекуласы репарациясының 3 негізгі механизмі белгілі: фотореактивация, пострепликациялық, эксцизиялық.
Достарыңызбен бөлісу: |