Тақырыбы: Мутациялық зақымданудың тікелей коррекция (түзетілу) жолымен репарациялануы. Генетикалық рекомбинацияның механизмдері


Жарық репарациясы немесе фотореактивация



бет3/7
Дата02.06.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36169
1   2   3   4   5   6   7
Жарық репарациясы немесе фотореактивация

ДНҚ молекуласының қалпына келу сипаты және механизмі УК-сәулесімен индукцияланған бұзылыстардың мысалында толық зерттелген. УК-сәулелеріне сезімтал клеткалардың ДНҚ-да пиримидинді негіздердің пиримидинді димерлерге, оның ішінде тиминді димерге өзгерумен сипатталатын фотохимиялық бұзылыстар туындайды. Тиминді димердің түзілуі бір тізбек бойындағы көрші тиминді негіздің көміртегіне екінші тиминнің көміртегі байланысуымен сипатталады. Сәулеленуге ұшыраған ДНҚ молекуласында тиминдік димердан басқа цитозин-тиминді және цитозин-цитозинді димерлер де түзіледі. Бірақ-та олар көпшілік жағдайда сирек кездеседі. Гендегі негіздердің соңғы жағының димерленуі ДНҚ молекуласының транскрипциясы және репликациясының басылуына әкеледі. Ол сонымен қатар мутацияға да әкеледі, нэтижесінде клетка өлімге немесе малигнизация процесіне ұшырайды.


Көптеген организмдерде, оның ішінде адамда да, ДНҚ молекуласы бұзылысының қайта қалпына келуінің бір механизмі клеткаларды алдын ала УК-сәулесімен өңделген көрінетін жарықта экспозициялауға негізделген. Бұл клетканың өлімге ұшырауын бірнеше есеге төмендетеді. Бұл ДНҚ тізбегінде түзілген пиримидиндік димерлердің жарықтың және арнайы жарыққа тәуелді ферменттердің әсерінен ажырауымен сипатталады (фотореактивация).

Қараңғылық репарация немесе эксзициялық
Қараңғылық репарация не эксцизиялық репарация ДНҚ тізбегінен зақымдалған аймақ кесіліп алынады, сондықтан эксцизиялық репарация деп аталады. ХХ ғасырдың 50 жылдары А.Геррен ашқан. Бұл репарацияның молекулалық механизмдері 1964 жылы ашылған. Осы репарация типіне бірнеше арнайы механизмдер жатады: Мысалы: гликозилазалар тек модификацияланған негіздерді кеседі, АР-эндонуклеазалар – апуриндік сайттарды кеседі.



Қараңғылы қ репарацияның сатылары
1. УФ-эндонуклеазамен зақымдалған аймақты тану;
2.Инцизия – осы ферментпен ДНҚ тізбегін зақымдалған жердің екі шетінен кесу;
3. ДНҚ зақымдалған фрагментін эксцизиясы –5'– 3' экзонуклеза кесіп алуы –геликаза ферментінің көмегімен ДНҚ тізбегі шешіледі;
4. Ресинтез – ДНҚ полимераза 1 пайда болған бос аймақты (брешь) қайта қалпына келтіріп, ДНҚ - лигаза жаңа синтезделген тізбекті бұрыңғы тізбекпен жалғайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет