1. Тәуліктік рационды, тамақтың жалпы мөлшерін сақтау (тамақтың жеткілікті энергетикалық құндылығы тәулігіне 2800-3000 ккал құрайды және адамның өмір сүру қалпына байланысты болады).
2. Ағзаның қалыпты қызмет жасауы үшін тамақты тәулігіне 4 рет қабылдаған пайдалы. Тәуліктік рацион келесі пропорцияларда құрастырылуы керек: таңертеңгі ас - тәуліктік рационның 25%, түскі ас -30%, түстен кейінгі ас (полдник) - 20%, кешкі ас - 25% құрауы қажет.
3. Түнге қарай ақуыз қабылдау ұсынылмайды, өйткені ол жүйке жүйесін қоздырады.
4. Ақуыз, майлар, көмірсулар (1:1:4), минералды заттар, дәрумендердің, судың түсуі балансталған болуы қажет және ағзаның энергия жұмсауына байланысты (жынысы, жасы, еңбек жағдайы) болып келеді.
Сауықтыру тамақтандыруды ұйымдастыру Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – комплексті емдеудің ең маңызды элементі. Әдетте, ол емдеудің басқа әдістерімен (фармакотерапия, физиотерапевттік ем-шаралар) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда ас-қорыту жүйесін немесе зат алмасу процестерін емдегенде емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.
Тәуліктік емдеу рационын диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді.
Кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек:
1. Калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мӛлшері);
2. Тағамның физикалық қасиеттері (кӛлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы);
3. Рұқсат етілген тағамдардың толық қамтылуы;
4. Тағамды өңдеудің ерекшелігі;
5. Тамақтану тәртібі.
Диетотерапияда қолданылатын принциптер:
«Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады.
«Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды.
«Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Диеталық үстелдер
№ 1 диеталық үстел – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
№ 2 диеталық үстел – Қышқылдығы тӛмен созылмалы гастрит.
№ 3 диеталық үстел – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.
№ 4 диеталық үстел – Іш ӛтумен сипатталатын энтериттер.
№ 5 диеталық үстел – Бауырдың және ӛт жолдарының аурулары.
№ 6 диеталық үстел - Подагра ауруы.
№ 7 диеталық үстел - Бүйрек аурулары.
№ 8 диеталық үстел – Семіздік.
№ 9 диеталық үстел – Қант диабеті ауруы.
№ 10 диеталық үстел – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.
№ 11 диеталық үстел – Туберкулез ауруы.
№ 12 диеталық үстел - Жүйке-психикалық аурулар.
№ 13 диеталық үстел – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық үстел – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.
№ 15 диеталық үстел – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға кӛрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы.
Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар ӛздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.