Тақырыбы: Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы



бет4/14
Дата10.05.2022
өлшемі47,85 Kb.
#33943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы

Патологиялық жағдай - ағымы сылбыр патологиялық үдерістің немесе оның бір кезеңінің немесе ұзақ уақыт орын алған өзгерістермен байланысты патологиялық үдерістің салдары. Патологиялық үдерістің біразы органнын құрылысын тұрақты өзгертіп, қалпынан тайдырып, қайтадан ауруға ұласуы мүмкін.

Патологиялык жауап (реакция) - организмнің қандай да бір әсерге қыска мерзімді ерекше әрекеті, яғни патологиялық факторға сезімталдығы. Мысалы, омыртканын туберкулезі - үдеріс, құныстық патологиялық жағдай, ал организмнін туберкулинге жоғары сезімталдығы - патологиялық жауап.

Этиология

Этиология – аурудың туындау және даму себептері мен жағдайлары жайлы ғылым (грекше: aetia - себеп, logos - Ғылым, ілім). Себептер екі топқа бөлінеді.Экзогендік - механикалық, физикалық, химиялық, биологиялык және әлеуметтік факторлар, дұрыс қоректенбеу, т.б. Эндогендік - қалыптасу аномалиясы, жүйкелік, эндокриндік және басқа да реттеу жүйелерінің бұзылуы, ісіктер, тас түзілу, т.б. Ауруды туындататын және дамытатын жағдайлар - оның туындап, дамуына әсер ететін факторлар. Олар аурудың туындауына және дамуына қолайлы, түрткі, кедергі жағдайлар деп бөлінеді.Аурудың дамуына түрткі және кедергі жағдайлар ішкі және сыртқы болады.



Ішкі жағдайлар.

• Аурудың дамуына түрткілер: ауруға тұқымқуалайтын бейімділікпен жас шамасы.

•Аурудың дамуына кедергілер: тұқымқуалайтын және конституционалдық (жалпы тұрқылық) факторлар. Мысалы, жалпы тұрқы абдоминал типті адамда асқазанның ойық жаралы ауруы мен сырқаттану қаупі жоқ.

Сыртқы жағдайлар.

• Аурудың дамуына түрткілер: дұрыс қоректенбеу, қатты қажу,науқастың күтімсіздігі.

• Аурудың дамуына кедергілер: ретті күн тәртібі, сапалы және тиімді тамақтану, науқастың күтімділігі.

ПАТОГЕНЕЗ

Патогенез (грекше: pathos - ауру, дерт; genesis - туындау) – аурудың даму механизмі. Патогенезді, яғни аурудың даму механизмін зерттеудің мәні – аурудың даму себебі болған негізгі этиологиялық фактордың әсерінен организмде дамитын өзгерістерді анықтау болып табылады. Ауруға мынадай патогенездік желі тән: патологиялық фактор организмге әсер еткен фаза ОЖЖ тітіркеніп, қозатын фаза. Патологиялық үдеріске организмнің барлық жүйесі қатысып, функциялық және құрылымдық өзгерістер өрістеп, ауру толық қалыптасып, басты симптомдары пайда болады да оның ақырғы кезеңі басталады. Патогенезге мына сияқты факторлар, яғни агенттің кіру жолы (перорал, ауа-тамшылық, гематогендік, тері арқылы); әсер ету сипаты (бір-ақ рет немесе өмір бойы); кірген жері; жайылу жолы (құлдырама жол: ринит, фарингит, трахеит, бронхит) және өрлеме жол (уретрит, цистит, нефрит); патогенді (кеселді) фактор мен организмнің қасиеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет