Тақырыбы: Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы


Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы



бет5/14
Дата10.05.2022
өлшемі47,85 Kb.
#33943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы

Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы

Қан жүйесі дегеніміз –дене салмағының 7-8 % құрайтын шет аймақтағы қан, қан жасалатын мүшелер сонымен қатар қан тұрақтылығын реттеушілер. Реңдік көрсеткіштер дегеніміз –эритроциттердегі гемоглобиннің қатынастық мөлшері, оны табу үшін эритроциттер санын (мкл есебімен) оңнан солға қарай 5 қатарға қысқартып қалған санды екі еселейді. Гемотокрит көрсеткіші дегеніміз –тұнғаннан кейін қан бағаншасындағы қан сұйығы (плазма) мен қан түйіршіктерінің (элементтері) салыстырмалы биіктігі. Оны табу үшін таза бүтін қанды әдейі жасалған өлшем бірліктері бар әйнек түтікшеге толтырады, сосын центрифугада айналдырып қорытындысын оқиды, % бойынша көрсетеді. Қалыпты жағдайда гематокрит 36-48%-ға тең. Егер төмендесе қанның сұйылғаны –олигоцитемия, жоғарлыса қойылғаны –полицитемия.

Қанның жалпы көлемінің азаюы (қалыпты жағдайда дене салмағына шексе 7-8%) гиповолемия деп аталады. Көбейгенде гипервеолемия дейді, көлемінің азаюын ағзада су азайғанда немесе қан жоғалтқаннан кейін бірнеше сағаттарда кездестіруге болады. Қанның көбеюі бүйрек үсті безі қыртысының жұмысы күшейгенде (альдостерон, дезоксикортикостерон) қанның ісік ауруларында (гемобластоз) кездеседі.

Қан элементтері күн сайын табиғи бұзылысқа ұшырайды, ол физиологиялық жағдай. Эритроциттер басқа қан түйіршіктеріне қарағанда көбірек бұзылады. Олар орташа есеппен 120 күндей өмір сүреді. Сонымен эритроциттер бірте –бірте гемолизмге ұшырайды және жасалып тұрады. Қан құрамында әрқашанда аз мөлшерде биллирубиннің болуы гемолизда дәлелдейді. Эритроциттердің физиологиялық бұзылысы клетка ішінде тканьдерде болады. Бұл процесс көкбауырда көп көрінеді, сондықтан оны «эритроциттер моласы» дейді. Эритроциттердің бұзылуы бауырда және т.б. макрофагтары бар мүшелер болады.

Эритропоэзді реттеуші сұйық (гуморальдық) зат, оны негізінен бүйректің юкстогломерулярлық аппаратында пайда болады. Оны эритропоэтин дейді. Созылмалы түрде оттегінің жетіспеуі (гипоксия) эритропоэтин түзілуін күшейтеді. Я.Г.Ужанский пікірі бойынша эритроциттер бұзылғанда пайда болған заттарда эритропоэтин түзілуін шақырады. Эритроциттерді жасалуды гуморальдық реттеушілермен бірге, лейкоциттерді, жалпы қанды реттеушілер (гемопоэтиндер) болуы мүмкін. Кейбір гемопоэтиндердің барын бірінші болып 1906 француз зерттеушілері Карно және Дейфландар ашқан. Жағдайлары өзгермеген қалыпта жануарларға қан жоғалтқан жануарлардың сарысуын құйса эритроциттердің жасалуы күшейіп, саны көбейген. Эритроциттер жасалуға әсер ететін сұйық заттар ішіне анабольдық гормондар жатады. Төтесінен алғанда ер адамдарда әйелдерге қарағанда эритроцитте көбірек. Бұл андрогендік гормондардың мөлшерінің айырмашылығынан болуы мүмкін. Басқа жағынан алып қарағанда әйелдерде етеккір қанның ағуы қан жасалу жүйесін күшейтеді. Бір қалыпты қан жоғалтып тұрғаннан кейін әйелдерде ер адамдарға қарағанда гемопоэз күшті жүреді деуге болады.

Ұрықтың даму кезеңінде қан жасалу бауырда жүреді, осыған байланысты ұрық бауырын сәуле ауруында емдеу мақсатымен көшіріп салған. Жүктілік кезеңінің екінші сжартысында бірте-бірте мегалобластық қан жасалуы нормобластық сүйек миында жасалуға көшеді. Бастапқы клетка қан жасалудағы бағандық клеткалар болады. Осы жасушалардан кейін қанның бластылық элементтері жасалады. Эриторбласты , мело-,лимфо-, монобластар, мегакариобластар. Осы бласталық түрлерден бірте –бірте жетілген сәйкес жасушалар эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Бағандық жасушалардың пайда болатын жері миелоидтық тін сүйек қызыл миы болады.

Қан қысымының төмендеуі бірнеше сағаттан кейін қалпына келеді. Ол тін сұйығының қанға қосылуынан шет аймақтағы қан тамырларының жиырылуынан, жүрек соғысының жиілеп, жүректің минуттық көлемінің көбеюінен болады. Біраз сағат өткесін гиповолемия қалыпқа келіп нормоволемия түзіледі, бірақ қанның клеткалары –олигоцитимия. Қан аққаннан 2-3 күн өткесін негізгі стратегиялық орнын толтыру процесі немесе эритропоэз басталады, эритпоэтин жасалу көбейеді. Академик А.А.Богомолецтің қызметкері Я.Г. Ужанский эритродиерез құбылысын –қан аққаннан кейін эритроциттер бұзылатынын анықтаған. Бұзылған эритроциттеерден пайда болған заттар гемопоэтикалық әсер береді –деген ой туды. Эритроцит сандарының қалпына келуі ең қолайлы қорғаныс механизмі, ал авариялық реакция әсіресе гипоксиялық жағдайда көп күш жұмсауға тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет