Тақырыбы: Нерв жүйесі туралы түсінік. Нерв жүйесінің ұйымдасу ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.11.2023
өлшемі4,95 Mb.
#122687
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4-апта-Нерв жүйесі №1

буда немесе арқанша 
деп қарастыруға болады

Жоғарыда 
айтқанымыздай, жұлынның ақ заты үш жұп 
жүйке арқаншасына бөлінеді.
Алдыңғы будасы
— жұлынның алдыңғы сайы мен алдыңғы 
түбір 
аралығында ақ зат, 
артқы будасы
— артқы 
түбір мен артқы жүлге аралығындағы ақ зат
ал бүйірлік будасы
алдыңғы жөне артқы аша
аралығында орналасқан ақ зат болып саналады.



Жұлынды қоректендіретін тамырлары. Қабырға 
аралық және бел артериялары, сондай-ақ бұғана асты
тамырының омыртқа артериясы жұлынды қанмен 
жабдықтайтын тамырлар болып саналады. Омыртқа 
артериясы ми сауытының қуысын тесігімен шыға бере
екі жұп алдыңғы және артқы жұлын артериясына
бөледі. Оның алдыңғы артериясы жұлынның алдыңғы 
бойын бойлай жатады, ол артқы артерия жұлынның 
артқы түбіріне дейін жетеді. Бұл артериялар бір-
бірімен өте көптеген қосылыстармен (анастомозбен) 
байланысады.




Жұлын қызметі

Жұлынның қызметі. Жұлын екі түрлі 
қызмет атқарады: біріншісі —
тітіркендіргішке рефлекс доғасының 
жолымен жауап беру, яғни рефлексті
екіншісі — алшақ аймақтан жұлынға келген
қозуды тек езі қабылдап қоймай, оларды
миға жөне мидан қайтып алшақ 
аймақтағы мүшелерге өткізіп беру, яғни 
өткізгіштік қызметі бар.


Ауырсыну және температура сезімталдығының 
өткізгіш жолдары

Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын 
түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары
шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық 
өсінділері арқылы екінші нейронның – жасуша
денесімен жайғасқан жұлынның артқы 
мүйіздерімен байланысқан. Екінші нейрон 
аксоны comissura alba құрамында басқа 
жағына ауысып, көтеріледі. Таламуста
үшінші нейронның жасуша денесі жатады, 
оның өсіндісі үлкен ми сыңарыны қыртысына 
келіп, сол жерде орталық артындағы 
қатпарда аяқталады. 



Ішкі тітіркенулер рецепторларынан шығатын 
өткізгіш жолдар

Ішкі тітіркенулер
рецепторларынан шығатын
өткізгіш жолдар қозғалыс аппараттарынан –
проприоцепторлардан шығатын жолдар
қозғалыс анализаторы және ішкі ағзалар мен 
тамырлар рецепторларынан шығатын жолдар
– интероцепторлар деп бөлінеді, жолдардың 
екінші тобы интероцептивтік анализатор 
болып табылады. 




Қозғалыс анализаторының өткізгіш жолдары – tractus
gangliobulbothalamo-corticalis және tractus spinocerebellaris
anterior et posterior болып табылады. 

Tractus gangliobulbothalamocorticalis – рецепторлары
сүйектерде, бұлшықеттерде, сіңірлерге, буындарда, яғни 
меншікті денеде жатады, сондықтан проприоцепторлар деп
аталады. 

Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады
.
Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде орналаса
ды. Бұл жасушаның аксоны екі тармаққа бөлінеді: 
шеткі тармақ бұлшықеттің нерві құрамында проприоцептор
дан шығады, 
орталық тармақ құрамында жұлынның артқы жіптеріне өт
іп, fasciculus gracilis пен fasciculus cuneatus құрамында 
сопақша миға дейін барады.олар олар осы жерде аталған 
жіптердің аттас ядроларында – nucleus gracilis және nucleus 
cuneatus аяқталады.



Бұл ядроларда екінші нейрондардың денел
ері орналасады. 
Олардың аксондарының құрамында үшін
ші буын басталатын таламустың латер
алды ядроларына жетеді. 
Үшінші буын жасушаларының аксондары
арқылы қозғалыс анализаторының 
қыртыстық шеті орналасатын орталық 
алдындағы қатпар қыртысына келеді.


Мишыққа баратын
проприоцептивті жолдар. 
Қозғалыс аппаратынан шығатын 
сезімталдық, санадан тыс
импульстар жұлындық 
пропроцептивті жолдар арқылы 
мишыққа жетеді. 



Tractus spinoserebellaris anterior. Бірінші
нейрон артқы жолдағыдай. Жұлын сұр 
затының substantia intermedia centralis-ында
екінші нейрондар жасушалары орналасады, 
олардың аксондары tractus spinoserebellaris
anterior арқылы қарама – қарсы жағының 
бүйір жіпшелерінің алдыңғы бөлімдеріне өтіп, 
сол жерде айқасады. Жол сопақша ми мен 
көпір арқылы ми желкеніне дейін көтеріліп, 
сол жерде қайтадан айқасады. Осыдан кейін
талшықтар мишықтың жоғарғы аяқшалары 
арқылы оған еніп, құрт қыртысында 
аяқталады. Нәтижесінде бұл жол екі рет
айқасқан болып шығады.



Сөйтіп, 
екі мишық жолы да жұлын мен мишықтың аттас жар
тыларын байланыстырады. 

Tractus spinoserebellaris posterior. Бірінші нейронның 
жасушалық денесі жұлын түйінінде жатады, аксон екі
тармаққа бөлінеді, олардың шеткісі бұлшықет нерві
құрамында қозғалыс аппаратының рецепторларынан
шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік 
құрамында жұлынның артқы мүйіздеріне өтіп, өздерінің 
соңғы және жанама тармақтары арқылы nucleus 
thoracicus- те синапс құрып аяқталады. Жұлынның 
бүйір жіпшесі құрамында мишық құрт қыртысына 
келеді. Ол жұлын мен сопақша мидағы өз жолында
айқаспайды, сондықтан оны тік мишық жолы деп
атайды. Алайда, мишыққа енгеннен кейін оның көп бөлігі 
құртта айқасады.


Ми туралы түсінік

Ми' ('дұрыс айтылуы —
мый) —латын тілінен
encephalon деп аталады. 
сүтқоректілерде мінез-
құлыққа жауапты орталық
нерві жүйесінің меңгеру
торабы. Ми баста 
бассүйек қуысында
орналасады. Ол мынадай
бөлімдерден тұрады: 
сопақша ми, ми көпірі
мишық, ортаңғы ми, 
аралық ми және үлкен ми 
сыңарлары.


Ми бөлімдері

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік
ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: 
бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), 
қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және
алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және
қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы
кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне
байланысты 5 бөлімнен тұрады:

сопақша ми;

мишық (артқы ми);

ортаңғы ми;

аралық ми;

алдыңғы ми сыңарлары.



Сопақша ми

Сопақша ми (продолговатый мозг); (лат. medulla 
oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) —
мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні
сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы
ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі
бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura
mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі
латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis
ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми 
пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) 
білеуленіп көрініп тұрады.

Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын
жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен
байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары
аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. 
( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы
жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш
жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер
алдында, оң ми пирамидасының жүйке
талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір
арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке
талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір
арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен
алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio
pyramidum) жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет