Мишық – ағзада тепе – теңдік сақтау және қозғалыс – қимыл орталығы. Мишықтан шыққан үш жұп аяқшалары құрамындағы афферентті және эфферентті жолдары арқылы ми бағанысымен байланысады.
Мишық қыртысындағы көптеген сайлар мен жүлгелер қыртыстың жалпы көлемін үлкейтеді. Ересек адамда мишық қыртысы 975-1500 см . Мишықтағы мұндай сайлар мен жүлгелердің гисологиялық кесіндідегі суреті «Өмір ағашы» деген атқа ие. Сұр заттың көп бөлігі мишық қыртысын құраса, ал біраз бөлігі ақ заттың ішінде орналасып, мишықтың орталық ядроларын түзеді.
Мишық қыртысы – сыртқы молекулярлы, ортаңғы – ганглионарлы, құрамында ірі алмұрт пішінді нейрондары бар және ішкі дәнді қабаттарға жіктеледі. Бұл қабаттардағы нейрондардың аксондары мишық қыртысына шығатын эфферентті жолдарды түзеді.
Мишық қыртысындағы алмұрт тәрізді нейрондарға қоздыру реакциясының нерв импульсін әкелетін шырмауық тәрізді талшықтар мен дәнді нейрондардың параллель орналасқан талшықтары болып саналады. Ал нерв импульсін тежейтін қызметті атқаратын молекулярлы қабаттағы жұлдыз және корзинка тәрізді нейрондар мен дәнді қабатындағы үлкен жұлдыз пішіндес нейрондар болып табылады.
Мишық қыртысында әр түрлі глиальді эелементтер бар. Дәнді қабатта талшықты және протоплазмалы астроциттер болса, ал қыртыстың қалған қабаттарында олтгодендроциттер болады. Ганлионарлы қабаттағы нейрондардың арасында ядролары қара түске боялған глиоциттер орын алады. Микроглия көбінесе мишық қыртысының молекулярлы және ганглионарлы қабаттарында көбірек кездеседі.