Тақырыбы: Нерв тіні



бет4/7
Дата08.12.2022
өлшемі3,24 Mb.
#56006
1   2   3   4   5   6   7

Нейроглия

  • Нейроглия (neuroglia). Нейроглия нерв тінінде сан алуан қызмет атқаратын нерв тінінің аралық заты. Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға жататындар: эпендимология, астроглия және олигодендрология. Эпендимоглия жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды. Жасушалары эпиндомициттер. Эпендимоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеушілік қызмет атқарады. Көптеген эпендимоциттер сереторлы қызмет атқарады. Олар қанға және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің пішіні куб тәрізді.
  • Астроглия. Орталық жүйке жүйесінде тіректі аппарат болып саналады. Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар. Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар, көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі шектеулік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады. Олигодендроглия – жасушалары олигидендроциттер. Нейроглияның құрамындағы саны жағынан ең көбі. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрамындағы нейрондар мен нерв талшықтарының сыртын қоршайды. Нерв жүйесінде трофикалық қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды.

Жүйелер. Нерв жүйесі

  • Нерв жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негізгі қасиеті тітіркенгіштікті қастамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан нерв жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне басмиы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі нервтердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальді ұштары жатады.
  • Нерв жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлы доға. Рефлекторлы доғаның құрамында көптеген функциональді маңызы әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі нерв жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.
  • Нерв жүйесі физиологиялық тұрғыдан соматикалық және вегатативті немесе автономды болып жіктеледі. Соматикалық адамның денесін, ал вегатативті ішкі мүшелерді, ондаған қан тамырларын және бездерді нервтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет