Тақырыбы: Нерв тіні



бет6/7
Дата08.12.2022
өлшемі3,24 Mb.
#56006
1   2   3   4   5   6   7

Нейроциттер

  • Жұлынның сұр затындағы нейрондары мөлшері, құрылысы мен қызметі жағынан бір – біріне ұқсас, бұлар топтаса орналасып, жұлындағы ядроларды түзеді. Жұлын нейрондары бірнеше топқа жіктеледі: түбіршектік жасушалары – бұлардан шыққан нейриттер (аксондар) жұлынның алдыңғы мүйізімен бірге жұлыннан шығады, ішкі жасушалары – бұлардың өсінділері жұлынның сұр затының өзінде синапстар түзеді. Жұлынның сұр затының әрбір бөліктеріндегі нейрондардың, нерв талшықтары мен нейроглиясының бір – бірінен айырмашықтары бар. Осыған байланысты жұлынның сұр затындағы нейрондардың тағы да үш түрін ажыратады:
  • Бірінші түрі (изодендритті нейрондар) – денесінен көптеген ұзын әрі нашар тармақталған дендриттері бар нейрондар, бұлар жұлынның аралық аймағы мен алдыңғы, артқы мүйіздерінің құрамында кездеседі.
  • Екінші түрі (идиодендритті нейрондар) – денесінен көптеген ұзын тармақтар шығып бір – бірімен шатасып, тіпті «шумақ» түзетін дендриттері бар нейрондар болады. Бұлар алдыңғы мүйізінің құрамындағы қозғалтқыш ядроларында, артқы мүйіздің құрамындағы Кларк ядросында кездеседі

Жұлынның глиоциттері

  • Жұлын каналын (өзегін) эпиндиомоциттер қоршайды да, жұлын сұйығын бөледі. Эпендиомоциттердің базальды мембранамен шектелген жағынан ұзын өсінділері шығады, ал жұлын сұйығы жағында көптеген кірпікшелері болады, бұлар жұлын сұйығын қағып жылжытады. Жұлынның сұр затының негізін протоплазмалы және талшықты астроциттер түзеді. Талшықты астроциттердің өсінділері жұлынның сұр затынан ақ затына өтіп, ондағы дәнекер тінді перделердегі қан тамырларын қоршап, тіпті жұлынның сыртқы қабатына да өтеді. Жұлындағы олигодендроглиоциттер нерв талшықтарының сыртқы қабығын құрайды. Ал микроглия жұлынға қантамырлары арқылы өтіп, жұлынның ақ және сұр затынан өтіп, фагоцитоздық қызмет атқарады.

Бас миы

  • Бас миының ақ және сұр затының орналсау реті жұлынмен салыстырғанда күрделі. Сұр затының көп бөлігі үлкен ми сыңыры мен мишықтың сыртын қоршап бас миының қыртысын түзсе, ал біраз бөлігі бас миы мен ми бағанасындағы көптеген ядроларды түзеді.
  • Ми бағанасына: сопақша ми, көпір және мишық .т.б. жатады (анатомия мен неврология пәндерінде оқылады). Бас миы мен ми бағанасындағы ядролар мультиполярлы нейрондардан тұрады.
  • Гипоталамус аймағы – ең негізгі бас мидағы вегетативті орталық болып саналады. Бұл дене температурасын, қан қысымын, ағзадағы су мен майдың алмасуын реттейді. Гипоталамустың құрамында жеті түрлі ядролар тобы орналсады (оқулықтың XVI бөлімінде талданылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет