Нерв жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) өсінділі тармақталған, мөлшері 4 – 130 мкм – дей. Нерв жасушалары нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнешеу болулары мүмкін. Өсінділерінің санына байланысты, нейрондардың бірнеше түрлерін ажыратады. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды – мультиполярлы дейді. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендридтер болып келеді. Аксон ұзын, ал дендриттер тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) деген нейрондар да кездеседі. Мұндай нейронның денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның – бірі аксон, екіншісі – дендрит (мысалы, жұлын түйінінде) пішіні «Т» – тәрізді болып келген. Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділісі – бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі – дендрит бұл биполярлы нейрондар, біріншілік сезу мүшелерінің құрамында болады. Адам ағзасындағы (нернв жүйесінде) нейрондардан шығатын өсінділердің ұзындығы әр түрлі, бірнеше микроннан (мкм – ден) 1 – 1,5 метрге жетеді.
Нейрондардың мөлшері мен пішіні де сан – алуан. Нейрондардың ең ұсақ, майдасының d=4 – 6 мкм, ал ірісінің d=120-140 мкм – дей болады. Ең ірі нейрондар ми қыртысының сұр затындағы Бэц жасушалары. Нейрондардың пішіндері: себет, жұлдыз тәріздес, алмұрт пішіндес, пирамидальды және дән тәріздес болып келеді.
Адам организмінде нейрон өсінділерінің ұзындығы әртүрлі, бірнеше микроннан (мкн – ден) 1 – 1,5 метрге дейін жетеді. Ал нейрондардың мөлшері де әртүрлі, ең майдасы 4 – 6 мкм, ал ең ірісі 120-130 мкм – дей Бец жасушалары ми қыртысының сұр затында кездеседі. Нейрондардың пішіні де сан алуан болып келеді: корзина тәрізді, пирамидальді, алмұрт пішінді, жұлдыз тәрізді т.б.
Адам организмінде нейрон өсінділерінің ұзындығы әртүрлі, бірнеше микроннан (мкн – ден) 1 – 1,5 метрге дейін жетеді. Ал нейрондардың мөлшері де әртүрлі, ең майдасы 4 – 6 мкм, ал ең ірісі 120-130 мкм – дей Бец жасушалары ми қыртысының сұр затында кездеседі. Нейрондардың пішіні де сан алуан болып келеді: корзина тәрізді, пирамидальді, алмұрт пішінді, жұлдыз тәрізді т.б.
Нейрондардың жіктелуі. Нейрондар атқаратын қызметіне қарай рецепторлы немесе сезімтал (афферентті), ассоциативті және қозғалтқыш (эфферентті) болып бөлінеді. Бірінші нейрондар ішкі және сыртқы орталық әсерін қабылдайды. Ал, ассоциативті немесе қыстырма нейрондар нерв жасушаларын бірін бірімен байланыстырады. Эффекторлы нейрондар – жұмысшы мүшелерге, олардың тіндеріне тітіркендіргіш реакциясын нерв импульсіне айналдырып жіберіп отырады.