Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факултеті
Биология каферасы
БӨЖ
Орындаған: Ділдабек Жанниет
Қабылдаған: Қалиева Нұрзия
Түркістан-2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Нуклеин қышқылдары туралы жалпы түсінік
Нуклеин қышқылдарының қызметі
Нуклеин қышқылдарының жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) немесе полинуклеотидтер — көптеген нуклеотидтерден тұратын үлкен молекулалы күрделі полимерлер.
Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеоидтік 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің көмірсу қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары көмірсулы-фосфатты қанқасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105—1010. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді.
Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар.
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы өңдеу
Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі . Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |