Тақырыбы: «Ойын терапиясы арқылы балалардың танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ермекқожина Д. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет3/8
Дата22.11.2022
өлшемі40,08 Kb.
#51909
1   2   3   4   5   6   7   8
Сенсорлық интеграция – сезім органдары мен физиологиялық жағдайдың қабылдауын жақсарту және интеграциялау.
Интенсивтік ықпал ету – психикалық-эмоциональдық қордың және коммуникативтік дағдының дамудың тірілуі.
Терапевтік ойын – когнитивтік және психикалық-эмоциональдық жағдайдың және баланың сана-сезімінің дамуы.
Сенсорлық жаттығулар – сенсорлық-перцептивтік қабылдауды және оларды дифференциялауды қалыптастыру.
Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын терапиясының түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Біздің балаларымызға ойын- бұл өте маңызды процесс, адамдар арасындағы барлық әлеуметтік қатынастар, адамдармен қатынас арқылы әлемді және өмірді тануы. Ересек адамдар сиякты балаларда ойын барысында шын көңіл-күймен, сезімдерге беріліп уайымдайды. Сонымен бірге, шығармашылық қиялдарын, өз қабілеттерін дамытады. Кейбір балалар үшін ойын- бұл баланың ішкі жан дүниесін, нені сезетінін және үрейді жақын адамдарына айту, көрсету тәсілі. Шынымен де ойын баланың қиындық сәттеріндегі жағдайларын, ішкі жан дүниесіндегі «Мен» қасиетін түсіну осы сұрақтардың жауабын алуға көмектеседі.
Ойын терапиясының ең маңызды принципі- баланы басқару емес, оны түсіну.
Ойын терапиясының бірден бір мақсаты бала өзінің іс-әрекеттеріне жауап беруге, өзінің «Менін» сыртынан тани алуға, обьективті түрде іс-әрекеттерін мен қажеттіліктеріне баға беру. Егер де, сіз өз балаңыздан күнделікті жағдайдан тыс адекватты емес қылықтарды, яғни өзін жеке тұлға ретінде мойындамау, достарымен қатыгездік қарым-қатынасты байқасаңыз, бұған назар аударуыңыз қажет.
Бұндай балаларға міндетті түрде ойын терапиясы қажет. Себебі, ойын арқылы бала ішінде жиналған ашу-ыза, кек, агрессияны, қысымды сыртқа шығарады.
Көп жағдайда ойын терапиясы баланың бойындағы өзі туралы білу, қорқыныштарынан арылуға, болашақта өзін-өзі басқарып, реттеуге көмектеседі. Ойын барысындағы бала әртүрлі жағдайларды шешу арқылы қалай жасау керектігін ұғынады, ересектерге тән қасиеттерді үйренеді.
Қызықты дәлел: ойын терапиясынан кейін балаларкө алдында «ақылды» болып көрінеді, дамуында өзгеріс байқалады, эмоциональдық қысым жойылып, ашықтық, өзінің қабілеттері көрінеді.
Терапиялық тәсілдердің ішінде көбірек қолданылатын «Отбасылық ойын». Психолог бұндай ойындарда отбасылардың арасында «жүргізуші» болып есептелінеді. Жұптық ойын сурет салу, жапсыру арқылы орындалады. Бұндай терапия ата-анамен баланың арасын жақындастырады, түсіністікпен сенімділік қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет