Балалардың жас кезеңдеріне ойын терапиясын қолдану техникасын үйрету
Балаларда 1- сыныптан бастап ойларында дұрыс дағды қалыптаса, онда ол оқуда қиыншылықты сезінеді, өз құрдастарынан артта қалады. Ересектердің жұмысы, кіші жастағы балаларды ертерек ой жұмысы техникасымен таныстырып, жаттықтыру керек.
Тапсырма: Коммуникативті дағдыны дамыту, реакцияны жылдамдату, бейнелі елестету, көрнекі – бейнелілікті , логикалық ойлауды дамыту. Құралдар: Доп, таратылған материалдар.
Психологтың сөйлейтін сөзі:Қатысушыларға тапсырманың мақсатын түсіндіру , әңгімелеу.
Тапсырманың өту барысы
Амандасу: «Паравоз» ойыны
Жүргізуші «паравоз» болып саналады, яғни балалардан құралған поезд жасауы керек. Балаларға «вагон» ролін ұсынады. «Паровоз» кезекпен- кезек әрбір вагонға барып танысады. Өз есімен кейін, балалардан өзі үшін бір жақсы сөз айтуын өтінеді.Мыс:
Мен көңілді паравоз Ленамын , ал сен кім?
Ал мен әдемі вагон Сашамын .
Ары қарай бірге кеттік.
Кеттік.
Балалар келесі «вагонға» барады, тұтас көңілді поезд құралғанға дейін осылай істейді.
Жаттығу: «Мұрын-құлақ- мұрын»
Мақсаты: Еріксіз әрекетті, жылдамдық реакциясын, бейнелі елестетулерді дамыту.
Құрылымы: Оң қолдағы нұсқаушы саусақпен мұрныңызды түртіп, мынау «мұрын» деп айтасыз.Тағы да солай қайталайсыз. Мен де осылай істеймін . Егерде мен, мыс. «маңдай» деп айтсам, сіз жылдам сол уақытта мұрынға дейінгі барлығын қозғап шығуыңыз керек. Түсінікті ме ? Бастаймыз! Мұрын-мұрын-мұрын-құлақ. Осыларды атап тұрып, жетекші қолымен нұсқап көрсетіп тұрып, беттің басқа бөлігін көрсетуге болады.
Жаттығу : «Колумбиялық жұмыртқа»
Мақсаты:Көрнекі- бейнелі ойлауды дамыту.
Құрылымы:Сіздің алдыңызда конверт және әртүрлі формадағы фигуралар жатады . Сізге осы фигуралардың арасынан жұмыртқаны жинап алуыңыз керек.
Жұмыртқаның барлық бөлігіне дейін жинап алу керек.Тапсырманы орындауға орташа уақытпен 20 дан 30 минутқа дейін уақыт кетеді. Тез арада бұл тапсырманы шешкен балаларға осы фигуралардан басқа бір нәрсені өзінің ойынан құрастырып ұсынуға болады. Мыс: фужер, доп, шырша.
Нұсқау: Егерде қандайда бала тапсырманы орындағанда қиналса, оған міндетті түрде көмек беру керек, содан кейін ол үлкендердің көмегімен жұмыртқаны жинау керек, содан кейін оған тағы да тапсырма беру керек, онда педагогтің көмегінсіз тапсырманы орындауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |