Тақырыбы: Ондық бөлшектер. Рационал сандар шектеусіз периодты бөлшектер ретінде Жоспары


ІІ. Ондық бөлшектерді азайту ережесі де тура осылай енгізіледі



бет2/3
Дата25.05.2023
өлшемі43,48 Kb.
#97342
1   2   3
Байланысты:
Ондык болшек

ІІ. Ондық бөлшектерді азайту ережесі де тура осылай енгізіледі.
ІІІ. Екі ондық бөлшектерді көбейту.

  1. Екі ондық бөлшектерді көбейту үшін олардың жазылуындағы үтірлерді алып тастайды.

  2. Сонда шыққан натурал сандарды көбейтеді.

  3. Бірінші және екінші көбейткіштерде үтірден кейін барлығы неше цифр болса, нәтижесінің соңғы сонша цифрларын үтірмен айырады, яғни егер бірінші көбейткіште үтірден кейін Р цифр, ал екіншісінде q цифр болса, онда нәтижеде оңнан солға қарай соңғы p+q цифрды үтірмен айырады.

IV. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін:

  1. Бөлгіште үтірді, ол бүтін санға айналатындай етіп жылжытады.

  2. Бөлінді өзгермес үшін бөлгіште үтір қанша орынға жылжытылса, бөлінгіште де оны сонша орынға жылжытады.

  3. Мұнан кейін бөлу үйреншікті тәсіл бойынша орындалады.

  4. Бөлінді де бөлгіштің бүтін бөлігі таусылған кезде үтір қойылады.

  5. «Бұрыштар бөлу» барысында бөлу аяқталғанша бөлгіште нөлдер тіркеп жазады.

Ондық бөлшектердің арасында практикада 0,01 түріндегі бөлшекті ерекше бөліп, оны пайыз деп атайды да, 1% деп белгілейді. Практикада пайызбен шаманың бөлігін өрнектейді. Мысалы, тауардың бағасы 15% -ға арзандады, жалақы 20%-ға көбейді деп айтуға болады.




Шексіз периадты ондық бөлшектер.


бөлшегін қарастырайық, бұл бөлшек ондық бөлшек түрінде жазылмайды. Бірақ оны ондық бөлшек түрінде жазу үшін, 6 – ны 7 – ге бөлсек шексіз сандар шыға береді. Бірақ оны шектелген ондық бөлшек түрінде жазуға болады. = 0, 85714285714285714 ... бөлу кезінде үтірден кейін бір топ цифрлар шексіз қайталана береді. Ондай қайталана беретін тізбек санның периоды деп аталады, ал периоды бар шексіз ондық бөлшек периодты ондық бөлшек деп аталады. Периодты жақшаға алып жазады:
= 0, (857142).
Үтірден кейін бірден басталатын периодты таза периодты бөлшек деп, ал үтір мен период жақшасына дейін басқа цифрлар бар бөлшекті аралас периодты бөлшек деп атайды.
оң рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде жазу үшін алымын бөліміне бөлеміз. Керісінше шексіз периодты ондық бөлшекті оң рационал сан түрінде жазуды қарастырайық.
Айталық 0,(28) шексіз периодты ондық бөлшекті қарастырайық. Оны а санымен белгілейік:
а = 0,282828...
Теңдіктің екі жағын да 100 – ге көбейтейік:
100а = 28,2828... немесе 100а = 28 + 0,2828... = 28 + а
100а = 28 + а
100а – а = 28
99а = 28
а = - бұл бөлшек қысқартылмайды.
Аралас периодты бөлшекті оң рационал санға айналдырайық:
0,8(61) немесе 0,8616161... санын қарастырайық.
а = 0.8616161...
Екі бөлігінде 10 – ға көбейтейік:
10а = 8,616161... – таза периодты ондық бөлшекке келтірдік.
х = 8, 616161...
100х = 861, 6161...
100х = 861 + 0,6161…
Екі жағына да 8-ді қосамыз:
100х + 8 = 861 + 8,6161...
х = 8,6161...
100х +8 = 861 + х
х =

10а =


а = =




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет