Тақырыбы: Орындаған: Ибадуллаева Салтанат Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы


Қазақтардың Ресейдің I-II Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы



бет2/6
Дата26.06.2023
өлшемі38,57 Kb.
#103468
1   2   3   4   5   6
Қазақтардың Ресейдің I-II Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы.

Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты. 1906 жылдың 27 сәуірінде ашылған Мемлекеттік думаның бірінші шақырылымына түркі-мұсылман халықтарынан 22 депутат қатысты. Думада партиялық фракциялар, ұлттық-аймақтық топтар және т.б. түрдегі депуттардың бірлестіктері пайда болды.


Соның ішінде этнотерриториялық, этноконфессиялық негізде Мұсылман фракциясы құрылады. Қазақ депутаттары екі Думада да негізінен осы Мұсылман фракциясына мүшелікке өтіп, түркі-мұсылман халықтарынан сайланған басқа да көрнекті қайраткерлермен бірге қажырлы қызмет жасайды. Бірінші Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлау жұмыстары 1906 жылдың ақпан-наурыз айларында жүргізілгенімен, қазақ даласындағы сайлау кешіктіріліп өткізілді. Оның үстіне Дала облыстары мен Түркістан өлкесіндегі тұрғындар үшін Жалпы сайлау заңдарынан бөлек Ерекше ережелер шығарылып, аталған аймақтағы халықтың сайлауға түсу мүмкіндіктері шектеле бастады. Соның әсерінен, жергілікті мыңдаған тұрғындары бар әр облыстан тек бір-бір депутаттан сайланады. Қазақ халқының арасында депутаттыққа сайлау жұмыстарыныңөткізілуін Ә. Бөкейханов өз естелігінде сынға алған болатын. Ол барлық қазақ даласындағы сайлаулардың ең соңғы уақытқа қалдырылып, тіпті Жетісу облысындағы сайлаудың Бірінші Мемлекеттік Думаның таратылу күніне дейін жүргізіліп үлгерілмегендігін атап өтеді.Сонымен қатар ,Дала облыстарындағы сайлау мамыр-маусым айларында, яғни, Петербургтағы Дума өз жұмысын бастап кеткен кезде өткізіледі. Бірінші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан бұрынғы сот қызметкері А. Бірімжанов, Орал облысынан титулярлы кеңесші А. Қалменов, Семей облысынан Ә.Бөкейханов, Ақмола облысынан Ш. Қосшығұлов, Атстрахань губерниясынан Б. Құлманов пен Д. Ноян-Тұндұт сайланады. А. Бірімжанов пен А. Қалменов Думаның жұмысына қатысып үлгереді. Ал Ә. Бөкейханов Петербургқа 8-шілдеде, яғни Думаның таратылуынан бір күн бұрын келген. Ақмола облысынан сайланған депутат Ш. Қосшығұловты облыстық сайлау комиссиясы орыс тілін жетік білмейді деген желеумен ұстап, ол да Думаның жұмыстарына қатысуға үлгермей қалады. Ал Түркістан өлкесіндегі сайлау 1906 жылдың тамыз-қыркүйек айларына қалдырылған болатын. Бұл мәселелер жөнінде Мұсылман фракциясының мүшесі, Уфа губерниясынан сайланған депутат Ш. Сыртланов аграрлық комиссияның сандық құрамын талқылау кезінде сөйлеген өз сөзінде Дума жұмыстарына үлгермей қалған, немесе кешігіп жеткен депутаттардың кінәлі еместігін, өйткені көп жерлердегі сайлау уақыттарының кейінгі уақытқа қойылғандығын атап өткен болатын. Ш. Сыртлановтың айтуынша, Мемлекеттік думадағы аграрлы комиссияға 99 адамды сайлау көзделген, ал барлық Кавказ, Сібір, Түркістан өлкесі және жалпы Орта Азия өкілдеріне тек қана 8 орын қалдырылған. Қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен А. Қалменов Петербургке 10-17 маусым аралығында келіп, Думаның жұмысына араласа бастайды.
Бұл кезде Думадағы негізгі мәселелер бойынша комиссиялар құрылып қойғандықтан, аталған екі депутатат олардың қатарына енбей қалды. Сондықтан қазақ депутаттары бастапқы кезеңде өздері қатынаса алмаған Дума отырыстарының есебімен және құрылған комиссиялардың жұмыс барысымен танысады. Көп уақыт өтпей А. Бірімжанов Думаның 36-отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияның құрамына қатысты өз ойын білдірді. Ол комиссияның құрамына бекітілген 99 адамның орнына 103 немесе 104 адамды сайлауды ұсынады. Сонымен қатар, бос қалған бес орынның үшеуін немесе кем дегенде екі орынды қазақ облыстарына (Жетісу, Семей, Торғай, Орал және Бөкей ордасы) беруді сұрайды. Қазақ депутаттарын Дала облыстарындағы қоныстанушыларды орналастыру комиссияларының заңсыз әрекеттері алаңдатты. Бұл кезде Дала облыстарындағы қазақтар өз жерлерінен заңсыз түрде қуылып, олардың орнына қоныстану учаскелері қалыптаса бастаған болатын. Қазақ депутаттары бұл мәселені көтеріп, Министрлер кеңесінің төрағасына сұрау салып, оған 53 депутат қол қояды. Мұсылман депутаттары А. Бірімжанов, А. Қалменов, С. Жантөрин, А.-М. Топчибашев, Ш. Сыртланов және т.б. біріге отырып, қазақтар бұрыннан мекен етіп отырған жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтатуды талап етеді. Осылайша депутаттар Егіншілік және мемлекеттік мүлік министрлігінің заңсыз әрекеттерін қатаң сынға алады. Депутат А. Қалменов те Думаның жұмыстарына белсене араласып, өзі мүше болған фракцияның басқа да депутаттарымен бірге №18, 19 және 262 сұрау өтініштерді жасауға қатысады.
Бірінші думаның жұмыстарына қатыса аламаған Ә. Бөкейханов та бастапқыда қайта сайлауға түсу ниетін танытады.
Бірақ Ә. Бөкейхановқа қарсы өкімет тарапынан «Выборг үндеуіне» қол қойғандығы үшін бірнеше іс-шаралар қолданылып, ол сайлау жұмыстарына толық қатыса алмады. Екінші Думаға өткен Б. Құлманов та Бірінші Думаға Астрахань губерниясынан сайланып, бірақ Думаның таратылуына дейін Петербургқа келіп үлгермеген. Бұл жолы да депутат Б. Құлмановтың сайлануының дұрыстығын мойындау мәселесі Екінші Мемлекеттік думаның таратылуына байланысты Дума отырысында қарастырылмай қалды. Жетісу облысынан теміржол қатынастарының инженері М. Тынышбайұлы сайланады. Бұл кезде ол Петербургтағы темір жол институтын тәмәмдаған, жоғары білімді, 27 жастағы азамат еді.
Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, қозғаушы күштері және негізгі себептері 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс - 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың өмірлерін алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет