Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері



бет1/3
Дата27.10.2022
өлшемі29,46 Kb.
#45799
  1   2   3
Байланысты:
Ұзақбай Жанас хкб-302 дисп




Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРСП
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері


Дайындаған: Ұзақбай Жанас хкб-302



Тақырып: Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері.


1.Коллоидтық және дисперстік жүйелердің жіктелуі.
Білімнің қай саласында болса да күрделі құбылыстар мен нысандары қарастырған кезде жеңілдету және кейбір заңдылықтарды табу үшін олардың әр түрлі белгілермен жіктелуін біллеміз. Сол мақсатпен дисперстік жүйелерді де жіктеген жөн. Әр кезде коллоидтық және дисперстік жүйелерді әр түрлі принәиптермен жәктеледі. Бірақ та дисперстік жүйелердің осы уақытқа дейін біртұтас жіктелуі жоқ. Оның себебі дисперстік жүйелерді жіктеу кезінде олардың барлық қасиеттерін қарастырмай, тек кейбіреулеріне ғана тоқталады. Қоршаған ортаны қорғау қазіргі кездегі адамзаттың ең негізгі мәселелерінің бірі. Соңғы жылдары бұл басты мәселеге айналды. Бұл мәселемен барлық мамандар айналасуда. Бұл тарауда, әринеә мәселенің аспектілерінің көбі, мысалы, қорықтарды қаршау, экологиялық заң құруының сұрақтары және т.б. қарастырылмайды. Мәселені химия тұрғысында қарастыру коллоидтық химияның химиялық пәндердің арасында басты роль атқаратынын көрсетті. Мысалы, әртүрлі молекулалар, иондар және коллоидтық бөлшектер түріндегі ластануды ауа немесе сулы ортадан аластату.
Молекулалар мен иондарды тазарту әдістерінің барлығы делік коллоидтық химиялық нысандар мен әдістерге негізделген. Әртүрлі жұтқыштар, жарғақтар, сүзгіштер және т.б. дисперстік жуйелер болып табылады және адамзат олардағы беттік құбылыстарды ауа мен судағы барлық ластануларды жою үшін қолданылады. Су мен атмосфераны тазалау кәдімгі коллоидтық үдерістер. Міне, сондықтан да қоршаған ортаны қорғауда коллоидтық химиялық негіздері туралы айтуға болады.
Бұл саланың бірқатар мәселелері төңірегіндегі курстың басқа бөлімдерінде айтарлықтай терең қарастырылған. Атап айтқанда, әртүрлі дене бетіндегі газдар мен ерітінділерден молекулалардың адсорбциясы, ерітінділердегі ион алмасу және электрдиализ және т.б. арқылы иондарды аластату. Бұл тарауда коллоидтық химиялық заңдылықтардың бізді қоршаға табиғи ортаны қорғау әдістерін әзірлеуде қолданылатыны, дәлірек айтқанда, суды тазалау, аэрокірнелер атмосферадан арылту әдістері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет