Тақырыбы: Отбасы –тіршіліктің тірегі Күн тәртібінде І тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысын талдау «Отбасы –тіршіліктің тірегі»



бет3/10
Дата17.02.2022
өлшемі90,5 Kb.
#25790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Х А Т Т А М А № 3

Қатысқаны: 22

Қатыспағаны: 1

Күн тәртібінде

1.«Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар » атты баяндама

2.ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысын талдау

3.Әр түрлі мәселелер.



Тыңдалды:

1- мәселе бойынша сынып жетекшісі: Нүркеева С.Қ «Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында әр түрлі ойындар кезінде бала тәрбиесі отбасында ерекше назарда болу керектігін түсінген ата-аналар өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар әртүрлі жағдаяттарды шешуде өздерінің жіберіп жүрген кейбір кемшіліктер мен жайттардың шешімін басқаша шешуге болатындығы жөнінде бір-біріне кеңес берді, пікірлесті.

Соңында «Сен қандай ата-анасың?» тақырыбында сауалнама алынып, баллмен есептеліп, қорытындысы жарияланды.



2- мәселе бойынша сынып жетекшісі тоқсанның қорытындысы мен таныстырып білім сапасын көтеру керектігін , оқу үлгерімдері жөнінде айтылды және ата-аналарға оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруда бірлесе отырып жұмыс істеу керектігі жөнінде ерекше атап өтті.Сабаққа мүлдем даярлықсыз келетін оқушылардың да бар екендігі айтылды.

3-мәселе бойынша сынып жетекшілері ата-аналарға сыныптан тыс уақытта оқушылардың уақытын дұрыс ұйымдастыру керектігі жөнінде айтып, соған көңіл бөлуде оқушылардың барлығына күн режимін жасауға көмектесіп, соны бірлесе қадағалайық деген ұсыныстарын айтты.

Шешім:1. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі арттырылсын.

2. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың уақытын дұрыс ұйымдастыру ата-аналармен сынып жетекшілеріне жүктелсін.

Сынып жетекшісі: Ата-аналар комитетінің төрайымы: Кешубаева.Б.А



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет