Х А Т Т А М А № 3
Қатысқаны: 20
Қатыспағаны: 5
Күн тәртібінде
1.« Бақытыңды балаңнан ізде » тақырыпта тренинг
сынып жетекшісі: Қуандықова А.А
2.ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысын талдау
3.Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1- мәселе бойынша сынып жетекшісі: қуандықова А.А .« Бақытыңды балаңнан ізде » тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында әр түрлі ойындар кезінде бала тәрбиесі отбасында ерекше назарда болу керектігін түсінген ата-аналар өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар әртүрлі жағдаяттарды шешуде өздерінің жіберіп жүрген кейбір кемшіліктер мен жайттардың шешімін басқаша шешуге болатындығы жөнінде бір-біріне кеңес берді, пікірлесті.
Соңында « ата- аналардың бала тәрбиесіне көңіл бөлуі мен міндеттерін түсіну деңгейінің анкетасы » тақырыбында сауалнама алынды.
2- мәселе бойынша сынып жетекшісі тоқсанның қорытындысы мен таныстырып білім сапасын көтеру керектігін , оқу үздіктерінің саны осы тоқсанда 2 оқушы оқу озаттарының саны – 3екендігі және 3 оқушы 1 сабақтан 3-ке ( Шері Бекарыс) орыс тілінен, (Әбдіқалықова Дина)-географиядан, (Байсбаева Жанель) биолгиядан айтылды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда бірлесе отырып жұмыс істеу керектігі жөнінде ерекше атап өтті.Сабаққа мүлдем даярлықсыз келетін оқушылардың да бар екендігі айтылды.
3-мәселе бойынша сынып жетекшісі ата-аналарға сыныптан тыс уақытта оқушылардың уақытын дұрыс ұйымдастыру керектігі жөнінде айтып, соған көңіл бөлуде оқушылардың барлығына күн режимін жасауға көмектесіп, соны бірлесе қадағалайық деген ұсыныстарын айтты.
Шешім:1. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі арттырылсын.
2. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың уақытын дұрыс ұйымдастыру ата-аналармен сынып жетекшісіне жүктелсін.
Сынып жетекшісі: Қуандықова А.А
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Татаева Т
Достарыңызбен бөлісу: |