Х А Т Т А М А № 2
Қатысқаны: 19
Қатыспағаны: 5
Тақырыбы: Отбасы –тіршіліктің тірегі
Күн тәртібінде
І тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысын талдау
«Отбасы –тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта ойталқы.
Бандамашы-сынып жетекшісі: Алтыбаева Ш.
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1- мәселе бойынша сынып жетекшісі тоқсанның қорытындысы мен таныстырып білім сапасын көтеру керектігін , оқу үздіктерінің осы тоқсанда мүлдем жоқтығы, оқу озаттарының саны – 8 екендігін және 2 оқушы 1 сабақтан 3-ке ( Ақбасова Орынкүл), математика , ( Сағынқұл Жұлдыз) қазақ тілі 1 сабақтан 4-ке (Сабырхан Салтанат) қазақ тілі (Телманова Д) қазақ тілі , қорытылғандығы жөнінде айтылды және ата-аналарға оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруда бірлесе отырып жұмыс істеу керектігі жөнінде ерекше атап өтті.Сабаққа мүлдем даярлықсыз келетін оқушылардың да бар екендігі айтылды.
2- мәселе бойынша «Отбасы –тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта ойталқы жүргізді, сынып жетекшісі: Шолпан Алтыбаева отбасы жағдайындағы әртүрлі ситуациялық жағдайларды ұсына отырып, ата-аналардың пікірлерін тыңдап, әртүрлі ролдік ойындар мен тренингтер жүргізді, Отбасы тәрбиесі баланың өсіп-өнетін ортасы ғана емес сонымен қатар отбасы - баланың алғашқы өмір сүретін кеңістігі, бұл кеңістіктің ең жарқын ерекшелігі –ата-ана сүйіспеншілігі, аяулы қамқорлығын қажет ететіндігін естен шығармау керектігін ерекше атап өтті. Кішігірім пікірталас болып, ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті, ең басты мәселелердің бірі екендігін ерекше айтып, өздерінің де алаңдаушылық білдіретіндігін айтып кетті.
3- мәселе бойынша оқу құралдары мен күнделіктерін уақытылы әкеліп толтыруы және тапсырмаларды уақытылы орындап әкелуі туралы айтылды.
Қаулы: Ата-аналардың баларына көңіл бөліп мінездеріндегі ерекшеліктерін бақылау, сынып жетекшісімен байланыста болу. Оқу тәрбие үрдісінде ата-анамен мектеп бірлесе отырып жұмыс жүргізу.
Сынып жетекшісі: Алтыбаева Ш
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Жомартова Г
Достарыңызбен бөлісу: |