Ізденімділік деңгейдегі тапсырмалардың оқушының сөз мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндігі мол, оны шеберлікпен пайдалана білу – сапалы білімнің негізгі көзі. Ал баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын шығармашылық деңгейде,оның қабілеттерінің қажет етеді.
Ғалымдар әр баланың өзіндік қабілеті бар екендігін дәлелдеген, әрі қабілет іс-әрекетарқылы дамып, жетіліп отырады. Шығармашылық қабілет – баланың өз бетінше ізденуі, мәселенің шешімін өзгеше шешуі, бұрын алған білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жаңа жол таба білуі. Жан-жақты және үйлесімді жеке бастың аса маңызды көрсеткіші – оның жоғары дәрежеде ойлау қабілетінің болуы.
Ғалым В.Л.Беспалько оқу материалдарын меңгертудің деңгейін көрсетіп, шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы іздемпаздылығы танымдық, рухани интеллектуалдық шеберлікке ұштасатындығын айтады. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар баланың ой-шапшаңдығын, сөз байлығын дамытып, өз ойын қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландырып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулиды.
Өз бетінше әрекет ету объект пен субъектінің біріккен қызметі ретінде жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ету шығармашылық тұрғыдан зерттеу – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсетіп, әрбір адамның өзіндік ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді. Өз бетінше әрекет ету – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты шығармашылық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Өз бетінше әрекет ету – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Өз бетінше әрекет ету адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім жұмыс істеуінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Өз бетінше әрекет ету – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай- ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын шығармашылық үрдіс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады.
Өз бетінше әрекет ету ерекшеліктерін таным мен ой жұмыс істеуінің сатысы ретінде зерттеу білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Өз бетінше әрекет ету амалдарын қалыптастыру және жетілдіру үшін талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, топтау, заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу, құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасай алу қажет. Оқушы өз бетінше әрекет етуде икемді, сыни тұрғыдан ойланып, анық, дәлелмен ақпараттар дайындауды дамытуға икемделеді. Өз бетінше әрекет етуге тән осы сипаттар оқушылардың өз бетінше әрекет етуінің мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі. Өз бетінше әрекет етудің жүйелі түрде қалыптасуы тек оқуда ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді.