Тақырыбы: Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері


Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар



бет3/3
Дата04.10.2024
өлшемі2,12 Mb.
#146760
1   2   3
Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім мен сенімнің бірлігін тексеруге бола ма? Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады.
Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.
Педагогикалық процестің құрылымы:
1.Бірінші- арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық үдерісті жүргізетін маман.

2.Екінші бөлік- шәкірт. Объект және субъект ретінде қаралады.

3.Үшінші бөлік- педагогикалық үдерістің мазмұны. Ол адамның әлеуметтік қарым-қатынасынан туындайды.

4.Төртінші бөлік- педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару компоненті. 

Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары: 1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы; 2. Оқыту мен тәрбие байланысы; 3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы; 4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы; 5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.


Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
.
Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:
1. педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына тәрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
2. қойылған мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
3. бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;
4. барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге
асырады;
5. жұмыс нәтижесін бақылап, бағалайды.
Педагогикалық процестің басты міндеттері:
1. Оқу процесіндегі белсенді іс-әрекет негізінде оқушыларды танымдық әдістермен қаруландыру;
2. Тұлға ретінде өзін және оқу процесі заңдылықтарын түсіне отырып, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету;
3. Педагогикалық өзара әсерлесу негізінде мақсатты іс-әрекет жасай білудің жолдарын меңгерту.
 

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет