Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік


ІІ. ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКПЕН ОНЫҢОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ



бет5/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

ІІ. ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКПЕН ОНЫҢОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.


2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері .

Педагогикалық істегі шеберлік әрдайым кең мәдени ой-өріспен жалпы эрудицияға байланысты болмақ, әрі іждағатты мұғалім әрбір оқушыдан өзінің түр-тұрпатын, тілек –талаптары бар жеке адамды көреді.


Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғпры нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көрес аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С. Макаренконың пікірлеріне сүйенре болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде білікутің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді». Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі өнер болып табылады». Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет –әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді
Кеңес педогогикасы педогогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез – құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А. Сухоминский (1981ж) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді. Дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тән ті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: идеалдар мен қағидалардың, көзқарас пен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральтдық – әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гормональды тұтастығы міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санысн онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.М. Щербаков (1968ж) педогогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық.
Бұл өнердің басты атрибуты –өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педогогикалық шеберліктің негізгі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі. Сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немес ұжымға жаппай эмоциональды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П. Азаров қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді.
Шеберлік- істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарыс-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде ауылдық мектептерде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді жаңа сатыға көтеріп, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру өзектілігі артуда.
Педагогикалық шеберліктің компонеттері – педагогикалық техника, педагогикалық әдеп, педагогикалық такт болып табылады.
Педагогикалық шеберлік – жоғары әрі үздіксіз жетілдудегі оқу және тәрбие өнері.
Педагогикалық техника – таңдалған педагогикалық қызмет әдістерін бірлікті, тиімді қолдануға қажет білім, ептілік, дағдылар жиынтығы.
Педагогикалық техниканың меңгеру үшін педагогика мен психология бойынша ранайы білімдерді, ерекше тәжірибелік дайындықты қажет етеді. Ең алдымен педагогтің игеретіні – балалармен қарым-қатынас, тілдесу ортақтастығы: оқушылармен орынлы сөйлесу мәнері мен ортақсау мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны жөн.
Педагогикалық техниканың құрамды бөлілігі – тәрбиешінің өз зейіні мен балалар зейінін басқара білуі. Шоғырлы топтарда көп санды да санқилы оқу істерін орындауда ешбір нәрсе оның тыс қалмауы тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет