Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік



бет8/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Бірінші кезеңде экспериментті өткізудің әзірлік жағдайы іске асырылды, яғни әр түрлі пәндердің мазмұны мен мүмкіндігі сараланды, декоративтік қолданбалы өнер арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың оқу пәндері мүмкіндігін пайдалану үшін факультет оқытушылары қызметін үйлестіру, барлық тәжірибелік жұмыстар түрлерін ұйымдастыру, т.б. тиянақталды. Ең бастысы, бұл кезеңде университеттің жалпы оқу үрдісі құрылымындағы үйретілетін курстардың өзара байланысы мен әрбір пәннің бір-біріне қатыстылығы барынша пайымдалды. Өйткені, бұл кезеңдегі оқытылатын пәндер болашақ мұғалімге өз қызмет нысанындағы бастапқы мәліметтерді береді, педагог жұмысының ерекшеліктерімен таныстырады, таңдаған мамандығының құндылық бағдарын, көзқарасын, талап-талғамын қалыптастырады. Сондықтан, оқытушылар бұл кезеңде студенттермен жүргізілетін жұмыстарды мақсатты бағытта құруы тиіс.
Бұл үшін бүкіл оқу-тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекетке бағытталмағаны ләзім. Демек, студенттерді оқытылатын пәндерді терең игеруіне бағыттап қана қоймай, мектептегі педагогикалық үрдіс мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту жұмыстарымен байланыстыра жүргізсе, бұдан болашақ мұғалімнің ұтары сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған мұндай ігі шаралар болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың педагогикалық үрдістерін компьютерлендіруге жол ашады. Бұл кезең университет студенттерінің бірінші оқу жылына тура келеді.
Екінші кезең барысында қоғамдық, психологиялық-педагогикалық мәдениеттану курсы үйретіліп, студенттер арнайы пәндерден іс-әрекет және тұлға туралы теориялық білім алады, ғылыми таным, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы әдіснамасын игереді, кәсіби педагогикалық іс-әрекеті мәдениетін, өзінің болашақ кәсіби қызметін талдау әдістерін меңгереді. Сөйтіп, бұл кезеңде студенттер өз қабілеттерін дамытады, өзіндік педагогикалық іс-әрекеттерін қалыптастыра бастайды, оқу үстінде декоративтік қолданбалы өнерді қолдану негізінде білім мен дағдысын бағамдайды.
Бұл кезең мазмұны жағынан өте интенсивті. Сондықтан, екінші және үшінші курс оқуымен сайма - сай келеді.
Педагогикалық үзіліссіз (пассивті түрдегі) тәжірибе бұл кезеңнің қажетті буыны болып табылады. Оның мақсаты – болашақ педагогикалық іс-әрекетте декоративтік қолданбалы өнер элементтерін қолдану бойынша тәжірибелік білік пен дағдыларын жетілдіру. Өйткені, педагогикалық тәжірибе негізінде алған теориялық білімдері іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет