Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік


Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік



бет3/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.

Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесіне жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.


Қалыптасқан білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті – тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке мектептердің алдындағы негізгі міндет- жоғары сапалы тұлға даярлау, өйткені оқушы мен мұғалім арасында мүлде жаңа қатынас пайда болады. Сондықтан оқушыларға білімділік пен қатар тәлім тәрбиенің құралдарын, тәсілдерін педагогикалық іс-әрекет түрлерін меңгерту қажет. Оқушы даярлауды жоғары жаңа сапалық деңгейге көтеру, оқу процесінде ынтымақтастық педагогикасын іске асыру, тәрбие жұмыстарын тез игеріп, іскерлік қабілетін дамытудың маңызы артуда. Сабақ барысында оқушыны ізденушілікке шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі білім беру саласының маңызды міндетінің бірі болып саналады.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту асласы бойынша халық комиссары А.В Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жарияланған сөздерінен білеміз. 1928жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құйуға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немес күәсіздықтың үлкен кінәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н.К. Крупская 1932 жылы жарыққа шыққан «мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерейі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады. Мұғалім өз пәнін, әрбір оқушын.ы еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білу керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген. Демек, Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы алға жылжу мен гүлденудің қозғаушы күші мыналар:

  • педагогикалық дағдыларды жетілдіру;

  • оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты инновацияға талпыну;

  • жоғары білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;

  • Елбасының “Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі принциптерінің” бірінде кадрларды даярлау және мамандығын арттыру жүйелерін жақсарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет