Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік



бет2/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалімнің практикалық іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік мәселелері.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны;
- Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.;
- Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы;
- Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері;
- Педагог профессиограммасы.;
- Педогикалық әдептің негіздері;
- Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру;
- Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні» деп аталатын бөлімде педагогикалық мамандықтың қоғамдағы алатын орны, педагогтың қызметтері мен міндеттері қарастырылады.
«Педагогикалық шеберлік пен оның оқу-тәрбие процесінде алатын орны» деп аталатын бөлімде педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компоненттер, және педагог профессиограммасы қарастырылады.
«Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру» деп аталатын бөлімде ғылымда көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуметтік басымдықтар, жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының ерекшеліктері қарастырылады.

І. ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ПЕН ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ МӘНІ.



    1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны .

Болашақ мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесін қайта қарауымыз керек.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Республикадағы қазіргі педагогикалық құрамының ахуалын ой елегінен өткізіп көрейік. Біріншіден, олардың басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орнын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
“Мектепке балалар не үшін барады?” – деген дәстүрлі сұраққа бұрын ата-аналар мен мұғалімдер былай жауап беретін: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқуға барады”. Бүгін бұл сұраққа басқаша жауап беруіміз керек: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға, “адам-табиғат-қоғам” дамуының заңдылықтарын білуге, сол арқылы тұлға ретінде қалыптасуға барады”.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет