Тест жүргізу – қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткіші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке тұлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімнің, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тесттердің көптеген түрлері бар. Бұлар – жетістік, зерделеу, креативті, проектілік, т.б. тесттер.
Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатыныстары жүйесіндегі ерекшеленсе, кейбіреуі – қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі – берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.
Математикалақ статистика (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медицина, т.б.) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибедезерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.
Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг – қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір қасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.
Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшгерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсібі сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т.б.) анықтауда
Достарыңызбен бөлісу: |