Тақырыбы: Рахымжан Отарбаев әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігі Орындаған: Жақсыбекова Арайлым


қалады. Бұдан ары қарай әңгіме желісі күрделене түседі. Атып алған шибөрінің біреуінің



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#88209
1   2   3   4   5   6
қалады. Бұдан ары қарай әңгіме желісі күрделене түседі. Атып алған шибөрінің біреуінің
терісін илеп, құндыздай жарқыратып, қаладағы балдызына жіберткен. Балдызы пальтосының
жағасына жарқыратып тағып алып, елдің көзіне көрсетіп, жай жүріп қоймай,
айналасындағыларға мақтанышпен айтып, тапсырыс та алып алады. Сол екі арада әйелі қалада
интернатта жатқан екі баласына кеткенде, екінші шибөрінің терісін алып кетіп, жаға
тіктіртіп алғаны есіне түсіп, абдырап, ойы одан сайын сан-саққа кетеді. Диалог кезінде әлгі
досы бұны одан әрі үрейлендіріп, аспанда ұшып жүрген ғарыш кемелері арқылы «сенің шибөріні
атып жүргеніңді көріп қалса, арты үлкен халықаралық жанжалға ұласуы мүмкін»,-дейді.
Кейіпкеріміздің қорқынышы ұлғаяды, психологиялық тұрғыдан үлкен күйзеліске түседі. Қылмыс
жасаған адамдай қиналады. Барар жер, басар тау таппайды. Қатты күйзелген аңшы ақыр
сонында ашынады. «шәуілдеген жаман шибөрі Американың ұлттық байлығы
болсын. Мен сонда Қазақстанның кімімін? Өкпесіне тебер өгейімін бе? Бұ дүниеде жиғаным, о
дүниеде иманым бұйырмай кететіндей сұрауым жоқ па? Оң қол қиянатқа жүгірсе, сол қол
арашаға ұмтылмас па?.. Бұл ел ме әлде ашық-тесік жатқан малқора ма?..» Осылайша аяқталған
әңгімеде өмір сүріп отырған ортамыздың, заманымыздың, бүгінгі күніміздің үлкен мәселелерін
жазушы астарлап, сарказммен, юмормен жеткізеді


Қоғамның болмысына сырт көзбен, кең көңілмен, жайдары
қалыппен қарап, өз кемшілігіңізді өзіңіз көріп отырғандай
миықтан бір күліп қарайсыз. Оның артынан үлкен ой
қозғалады.«Тәркі дүние» атты туындысында да «Американың
ұлттық байлығы» дегендегі сияқты ұлттық жайттарды сөз
етеді, тіпті қазақтың халықаралық кеңістіктегі орнына
қатысты мәселелерді айтады. Шағын әңгіме болса да


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет