Тақырыбы: Рахымжан Отарбаев әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігі Орындаған: Жақсыбекова Арайлым


дүниетанымдағы, идеологиядағы догмаларды бұзған



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#88209
1   2   3   4   5   6
дүниетанымдағы, идеологиядағы догмаларды бұзған
жаңашыл, төңкерісшіл тұлғалардың трагедиясы жатқан
сияқты бұл жерде.


«Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесі бойында тазалықты, пәктікті, аңғалдықты сақтай білген
Дидардың өмірінен көрініс табады. Ешкімге қол жаймай, өз күнін өзі көруге ұмтылып жүрген Дидар
күнде напақасын табу үшін базарға қарай жол тартатын. Қайнап жатқан тіршілігі жалғасқан
қаланың беткеұстар базарында шалбар саудалаушы еді. Жанталасы басым алқын-жұлқын беймаза
өмір иіні түскен, жүдеу бас ауыл баласын қақпақылдап үйіріп әкеткен. Десе де, қалтаға құйылған
тиынның сыңғыры жиылып кеп бұйра бас, ақсары өңді, ашаң жігіттің пәтер жалдауына да,
назқоңыр нәпақасына да, Жарбай ауылындағы жалғыз шешесіне де жетіп-артылатын. Шалының
қарашаңырағын жықпаймын деп төрттағандап отырған кейуананы айына бір барып сүйсіндіріп,
ас суын қамдап кететін... Арлы-берлі кезген жұрты көп сыңсыған базардағы оймақтай орнынан
айырылып қалмауды ойлап, зәре-құты ұшатын Дәуреннің базар қожасының қармағына ілінуі бар
тіршілігін бұзып кетті. Дүниеге арбала бастаған кейіпкер қақпанға қалай түсіп қалғанын өзі де
байқамай қалады. Әңгіме базардың кіреберісіндегі су сататын, екі қасының ортасында тарыдай
меңі бар Әлима қызбен арасындағы қарым-қатынас арқылы қыза түседі. Соны көруге қалың нөпірдің
арасынан асығып жетуші еді ғой. Жүзіне сәбилік пәктік ұялап, сыңғыр етіп күліп жіберетін. Су
ішкісі келмесе де сол сыңғыр етіп, құлағын қуантар кәусар дыбысты іздейтін. Күзгесалым той
жасап, Жарбайдағы жалғыз шешені қолға көшіріп алуға ниеттеніпи жүрген. Кейін не болды? Базар
қожайыны мен оның қызылшырайлы еркекшора қызы екеуі жаңа гүлдеген алма ағашын бұршақ
ұрғандай болғаны-ай! Байлық пен барлық не істетпейді?! Мамыражай дүниені тып-типыл еткен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет