кімге кінә артсақ та, одан мәселе шешіліп кетпесі анық. Десе де,
сол маңызды мәселелердің бірсыпырасы «қазіргі адам»
дүниетанымына, құндылығына келіп тіреледі. Р.Отарбаев
әңгімелерінде де басты қозғалатын тақырыптар легі осымен
байланысты. Оның тақырыптарды аша білген шеберлігінің бір
қыры өз болмысында жатыр десем, қате болмас.
Рахымжан Отарбаев дара жолын салып, қолтаңбасын қалдырып кеткен.
Адамгершілікті, рухани құндылықты басқасынан жоғары қойған, адамдықтың
биік сатысы сол деп білген. Өзі түсіне білгендіктен де, туындыларындағы
идеяны көркем аша білген. Оның көксегені де сол бола-тұғын. Автор ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықты тақырыбына өзек етеді.
Қорыта келгенде жоғарыда келтіргеніміз бірер мысал ғана. Ал оның
шығармашылығына толық үңілер болсақ... тұңғиығына батып, шыға алмай
қалардаймыз және ол туралы айтып, тауысып біте алмаспыз. Туындыларының
даралығы да осында.Әдебиет сыншыларынан оң баға алған, «прозаның
Мақатаевы» атанған Отарбаев «Қазақ әдебиетінің бүгінгі әңгімелері қандай
болмақ?» деген сұрақтың жауабын өз шығармалары арқылы көрсетіп бергені
хақ.Рахымжан Отарбаевтың суреткерлік әлемі өз алдына бөлек тұрған мұнара
сияқты. Қараған сайын көзің алысты көреді, талмайды, келешекті көрсем деген
үмітке жетелейді. Оның көркем шығармаларының басты мақсаты – адам мен
қоғам, болашақ. Осы үш өзек оның әр туындысын оқыған жанның санасына
рухтың дәнін себеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Отарбаев Р. Таңдамалы шығармалар жинағы. -
Алматы : Өлке, 2006 . 1- том.
2. Отарбаев, Р. Қ. Американың ұлттық
байлығы: әңгімелер жинағы / Р. Қ. Отарбаев //
Періштелер ұйықтамайды = Ангелы не спят . –
Алматы, 2014.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |