ҚОРЫТЫНДЫ Өз округі мен іргелес қалаларды қосып алғанда Испиджаб - Сайрам халқы өте тығыз орналасқан аудандардың бірінен саналатын. Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған. Қала халқының саны көшпенді жұртшылықтың тұрақты түрде отырықшылана бастауы есебінен өсіп отырды. Мұны орта ғасыр авторларының деректері де дәлелдей түседі. Мәселен, Махмуд Қашқари VI-VIII ғасырларда осы жерге ауысып қоныстанған соғдыларды XI өздеріне сіңіріп алғандығы жазады: «Баласағұн тұрғындары соғдыша да түрікше де сөйлейді. Тараз бен Ақдала (Мединат ал - Байда) тұрғындары да сондай». Сайрам халқының этникалық құрамы әр түрлі болатын. Қалалықтар құрамында иранша да, түрікше де сөйлей алатын ежелгі қалалық тұрғындар әулеті де, сондай-ақ, қалада тұрақты отырықшылана бастаған көшпенділер де бар еді. Көшпенді - малшылардың кедейленіп қалған топтары отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысты. Якубидің жазбасы бойынша, Испиджаб ғасырлық көшпенділіктің шекарасында орналасқан үлкен қала еді. Соған сәйкес, ІХ-ХІІ ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінің барлық территориясында қалыптасқан, Сығанақтан Сауранға дейін, батыста Құланнан шығыста Меркеге дейінгі аймаққа тән жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Мауреннахрдың феодалдық құрылысының принциптері негізінде құрылған классикалық қаланың үлгісі болды. Испиджабқа қатысты анықталған деректерді археологиялық зерттеулердің мәліметтерімен сәйкестендіре отырып қарастырғанда, оның құландылары біздің зерттеуімізде ерекше маңызға ие болады. Бірақ ежелгі Испиджабқа қатысты бірнеше ғылыми жұмыстар болғанына қарамастан, танылған ғылыми әдебиетте ежелгі Испиджаб қаласының белгілі бір анықталған қаламен сәйкестендіру жайлы сұраққа жауап табылмай жатыр. Орта ғасырдың аяқ шеніндегі қалалар, сол бұрынғысынша, саяси экономикалық және мәдени орталықтар болып қалды әрі Қазақ хандығы өмірінде маңызды роль атқарды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕИТТЕР Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути.-Алматы: Рауан, 1998. С.216
Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. А-Ата: Наука. 1971. С.258
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды института истории археологии и этнографии. А-Ата: Изд. Академии наук Казахской ССР. Т 5. 1958. С.295
Шуховцов В.К. Несколько заметок по топонимике Южного Казахстана // Материалы республиканской научно-практической конференции молодых ученых по общественным наукам. Алма-Ата, С.189
Массон М.Е. Старый Сайрам. // Известия Средазкомстариса. - Ташкент, 1928. - вып.3. - С. 23-42.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - Алматы, 1992. - 18-б.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. - 2-том. Алматы: Атамұра, 2010 - (640 бет). - 472 б.
Маргулан А.Х. Из истории городов и строит/го искусства древнего Казахстана. - Алма-Ата, 1950.
Құм жатқан қалалар - Дүкенбай Досжан.
Мұрат Уахитұлы Шәлекенов. Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті. Үш томдық -Алматы: Жібек жолы, 2015.