Тақырыбы: Салауатты өмір – еліміздің болашағы. Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден — бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Ауырып ем ізденгенше, Ауырмаудың жолын ізде дегенді қалай түсінесіздер?. Оқушылар пікірін тыңдау.
Сендер болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулықтарыңа жас кезден бастап қамқор болу қажет. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% — тұқымқуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шинықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан — 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан — жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
“Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Деніміз сау бола отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, яғни дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасына мән беру арқылы спортпен шұғылдану. Дұрыс тамақтансақ және спортпен шұғылдансақ біз нағыз — қазақ елінің салауатты өмір сүретін жастары боласыңдар.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір — қоқысты жерлерде өсіп — өніп, шаң — тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық — гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
Мұғалім: Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір салты деген не?
Оқушы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу.
Мұғалім: Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік. Тағы нелерге зиян?
оқушы: Еңбек етуге, қоғамға, ұрпаққа, отбасына зиян.
Мұғалім: Олай болса қазір денсаулыққа байланысты мақал — мәтелдер орнын тауып көрейікші.
«Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау.
1. Денсаулық -…………………… (зор байлық)
2. Тәні саудың -………………….. (жаны сау)
3. Емнің алды -………………………….. (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -…………….. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -………………… (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын…………. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса……. /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан…../азады/
9. «…… қадірін ауырғанда білерсің»
10. «……. жасырған өледі»
Салауатты өмір – еліміздің болашағы. жүктеу
Денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүру, денсаулық туралы тәрбие сағаты, денсаулық зор байлық