Ашық тәрбие сағаты
«Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігінің рөлі»
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:видео,плакаттар,суреттер Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың басы: Видео көрсету
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
Оқушыларды топқа бөлу.
1- топ «Денсаулық»
2- топ «Тазалық» 3-топ «Болашақ» Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
Ұраны: «Деннің саулығы-бастың байлығы»
І-тапсырма Топтық жұмыс
«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут) 1-топ: 1. Д...... і (дәрі)
2. в...та...н (витамин)
3. ....ны.....у (шынығу)
4. с....ау......т (салауат)
ІІ-тапсырмаЖеке жұмыс
«Пошташы Көгершін» әдісі. Тақтада көгершіндер ілініп тұрады. Көгершіннің хаттары ішінде тақырыпқа байланысты сұрақтар берілген. Оқушылар тақтаға шығып,сұрақтарға жауап береді.
Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесің?
ІІІ-тапсырма Топтық жұмыс
«Аквариум» әдісі. Оқушыларға бутылка ішіне жазылған мақал-мәтелдер таратылады. Оқушылар бутылка ішінен сөздерді қарап,мәтін құрастыру қажет.
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Шынықсаң шымыр боларсың
6.Ас-адамның арқауы
Сергіту сәті
ІІІ -тапсырма Топтық тапсырма 3 топқа тақырыптар беріледі. Сол тақырып бойынша постер қорғау топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)
3-топ Дұрыс тамақтану пирамидасын құрастыру.
Сабақтың соңы. Шеңберге тұру.
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Қорытынды: Кері байланыс. «Talk Partners» -«Сұхбаттасатын жұп»
Екі оқушы бір біріне қарап:
-3 үйренген нәрсе
-Не оңай болды?
-Не қиын болды?
-Тағы да не нәрсе үйренгім келеді? -деген сұрақтарға жауап беріп,бір-бірімен сұхбаттасады.